Back

ⓘ Қазақстан табиғаты - Батыс Қазақстан облысының табиғаты, Қазақстанның табиғаты, Қазақстанның ежелгі қорықтары, Абайдың Жидебайдағы қорығы, Абылай жолы, Алтықыз ..




                                               

Батыс Қазақстан облысының табиғаты

Жаз айларына ыстық, қуаң өрі шаңқай ашық ауа райы тән. Бүкіл аумақтағы ауаның орташа температурасы шілдеде 23.6°С құрайды, абсолюттік максимум 41-45°С ыстыққа жетеді. Облыс жағдайында топырақтың жеткілікті ылғалданып, егіннен мол өнім жинау көрсеткіші атмосфералық жауын-шашын түсіміне байланысты. Олардың жылдық мөлшері солтүстігінде 300 мм-ден жөне оңтүстігінде 140 мм-ге дейін ауытқиды, бүкіл облыс аумағы үшін орташа шама 263 мм- ге сәйкес келеді. Бірақ жауын-шашын өр жылда әркелкі мөлшерде болады. Агроклиматтық аудандарда 10°С-тан жоғары температуралық кезеңнің ішінде орташа алғанда солтү ...

                                               

Қазақстанның табиғаты

Қазақстан Республикасының аумағы батысында Еділ өзен алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін, солтүстігнде Батыс Сібір жазығынан оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр.

                                               

Қазақстанның ежелгі қорықтары

Қазақстанның ежелгі қорықтары – Қазақстан аумағындағы әр түрлі тарихи кезеңдерде ортa не жергілікті билік тарапынан немесе жеке меншік жер иесі тарапынан қорғауға алынып, шаруашылық айналымнан шығарылған, табиғаты ерекше сұлу, тарихи құнды жерлер. Қазақстан жерінде табиғаты бай аймақтар ерте кездерден "қорықты жер" деп аталып, қатаң қорғауға алынғандығы тарихи жазба деректерден белгілі. Белгілі шығыстанушы ғалым А.Н. Бернштамның ұзақ жылдар бойы Қазақстан мен Қырғызстан өңіріне жүргізген археология зерттеулерінде Тянь-Шань тау бөктерлерінде қола дәуірден б.з.б. 2 ғ. 15 ғ-ға дейінгі мекенде ...

                                               

Абайдың Жидебайдағы қорығы

Абайдың Жидебайдағы қорығы – Қарауыл өзенінің жайылмасында жатқан қалың қорық, шұрайлы жер. Жидебайды 18 ғасырдың 80-жылдары мен 19 ғасырдың 50-жылдары шамасында тобықты руының Мамай, Жігітек аталары қоныс еткен. Ал 19 ғасырдың ортасына таман Жидебай Мамайдан тараған Еламанның бір ұрпағы, Борсықбай, Барақ деп аталатын шұрайлы қоныстарды ел ағасы, аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлы иемденіп, қыстау салдырған. 1892 жылы ескіше 1 мамырда інісі Оспан дүние салған соң Абай осы қонысты тұрақты қыстау еткен. 1885 – 92 жылдар аралығында Жидебай қонысы Құнанбайдың Ұлжаннан туған кенже баласы Оспанның ...

                                               

Абылай жолы

Абылай жолы - Талас және Шу бойын мекен еткен қазақтардың Бетпақдала арқылы жаз жайлауға көшетін жолы. Ертеректе керуен жолы болған. Шығыстанушы Бартольд Василий Владимирович араб және парсы деректеріне сүйене отырып, Ертістің солтүстігіндегі Қимақ даласына баратын екі жолды көрсеткен: бірі - Сырдарияның төменгі жағалауларынан басталса, екінші жол - Талас өңірінен бастау алады. "Бұл жолдармен ертеде және орта ғасырда Талас пен Шу аймағын Ертіс өңірімен, Батыс Сібір өлкелерімен жалғастырып жатқан сауда керуендері жүрген" деп жазды В.В. Бартольд. Мұндағы екінші жол бойымен тарихи сын кезеңде ...

                                               

Ада (Қазақ шығанағы)

Ада – Каспий теңізі Қазақ шығанағындағы құмдауытты құмқайыр. Жағалаудан Кендірлі шығанағы арқылы бөлінеді. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жерінде орналасқан құмқайырдың бедері тегіс жазық. Онда сексеуіл, жүзгін, жыңғыл бұталары және шөлге тән сораң шөптер өседі. Құрлықпен жалғасқан шығанағының ені 3 км. Тайыз жерден аз мөлшерде тұщы су шығады. Құмқайыр 1930 жылы зерттелген. Көне түркі тілінде "ада" сөзі "арал" деген мағынаны білдіреді.

Алабота (көл, Солтүстік Қазақстан облысы)
                                               

Алабота (көл, Солтүстік Қазақстан облысы)

Аумағы 7.2 км 2, теңіз деңгейінен биіктігі 232 м. Жағалауы жайпақ келген. Қар және жер асты суларымен толысады. Суы қарашада қатып, сәуірдің аяғында мұзы ериді. Суы ащы, кермек, мал суаруға жарамды.

Ақшәулі (тау)
                                               

Ақшәулі (тау)

Абсолюттік биіктігі 1618 м. Тау батыстан шығысқа қарай ендік бағытта созылып жатыр. Солтүстіктен Шақараты өзені бастау алады, батыс беткейі тіктеу келген.

Ақшұңқыр
                                               

Ақшұңқыр

Ақшұңқыр – Қызылқұмның солтүстігі бөлігіндегі құдық. Қызылорда облысы Қармақшы ауданында орналасқан. Солтүстік-батысын сексеуіл шоғыры алып жатыр. Батысында Жаңадарияның ескі арнасы бар.

                                               

Алтынсарин шыңы

Алтынсарин шыңы – Жетісу Алатауының орталық бөлігіндегі шың. Биіктігі 3918 м. Шың Безсонов пен Тронов мұздықтарын бөліп тұрады. Алтынсарин шыңына 1950 жылы Б.И. Зимин бастаған альпинистер көтерілген.

Қалпақтытау
                                               

Қалпақтытау

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе және Ақтөбе облысы Қобда аудандарының шекарасында орналасқан. Қиыл және Қалдығайты өзендерінің аралығында. Абсолюттік биіктігі 244 м. Солтүстіктен оңтүстік-батысқа қарай доға тәрізденіп 10 км шамасында созылған. Енді жері 2.5 – 4 км.

Алтықыз
                                               

Алтықыз

Абсолюттік биіктігі 2906 м. Тау солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай созылып жатыр. Таудың солтүстік-батыс беткейі тік, сай, шатқал, қырқааралық аңғарларға бөлінген.

                                               

Абай жер асты су көзі

Абай жер асты су көзі Қостанай облысы Амангелді ауданында. Кен көзі Тобыл – Обаған өзендері аралығында жатыр. 1977 жылы барланған. Оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатқан кен орнының өнімді қабаты жоғары бор кезеңінің кешенді су қабатында. Кендегі судың жиынтық мөлшері тәулігіне 23.8 мың m³-ді құрайды. Су көзі игерілмеген.

                                               

Азынабай-тайпақ жазығы

Азынабай-тайпақ жазығы – Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жайық өзенінің сол бетінде орналасқан табиғи көлтабанды өңір. Өлеңті өзенінің тартылар тұсындағы Аяқ бөгенінен Азынабай-Тайпақ суландыру жүйесі басталады. Жүйедегі арнаның жалпы ұзындығы 115 км, су ағымы 2.5 м 3 /с. Су ағымын реттегіш 73 қондырғы, мал суаратын 42 тоған бар. Көлтабан жүйесіндегі шөбі шүйгін жайылымдық және шабындық алқаптар су мол жылдары 45 мың га-ға дейін суландырылады.

                                               

Алақайдың ақтақыры

‎ Алақайдың ақтақыры – Қызылқұмның солтүгіндегі тақырлы жазық. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қызылқұм мен Ескідария арнасының аралығында орналасқан. Ұзындығы 35 км, ең биік жері 108 м. Төрттік дәуірдің аллювийлі, құмдақты шөгінділерінен түзілген. Жазықта сексеуіл аралас жусанды сораңды шөптесін өсімдіктер өседі. Алақайдың ақтақыры аумағында ежелгі қалалар орны көп.

                                               

Алматы тоған шаруашылығы

Алматы тоған шаруашылығы, республикадағы балық шаруашылығының бірі; толық жүйелі арна. Алматы қаласынан солт батыста орналасқан Ащыбұлақ өз-не салынған. Тоғанның жалпы аумағы 278 га, мақсатына байланысты тереңд. 0.5 – 3 м аралығында. А. т. ш-ның Ащыбұлақ бөгені каналдар жүйесімен байланысатын Орт. және Боралдай телімдері бар. Тоған жылына 400 т балық пен 2 млн-ға жуық шабақтар өсіреді. Балық өнімдерімен Алматы қаласын және қала маңындағы ауылдарды қамтамасыз етеді.