Back

ⓘ Қазақстан мәдениеті - Қазақстан мәдениеті, Андроново мәдениеті, Ботай мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті, Атбасар мәдениеті, Петров мәдениеті, Ас қайыру ..




                                               

Қазақстан мәдениеті

Мәдениеттің дамуына осы уақытқа дейін елеусіз жағдайда болған баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ мерзімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты XX ғасырдың бас кезіне тура келді. Бұл кезде кітап басып шығару Семей, Омбы, Орал сияқты мәдени орталықтарда қарқынды дамыды. XIX ғасырдың соңында "Түркістан уалаятының газеті" мен "Дала уалаятының газеті" атты екі басылым шығып тұрды. 1905 жылға қарай бірқатар жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907 жылы қазақ зиялыларының бір тобы Санкт-Петербургте редакторы Әбдірашид Ибрагимұлы болған "Серке" газетін шығара бастады. Бұл газ ...

                                               

Андроново мәдениеті

Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Еділ мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андроново ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр. А ...

                                               

Ботай мәдениеті

Ескерткіш 15 га алаңды алып жатыр. Ботай мәдениеті ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігімен әлемге әйгілі. Бұл мәдениеттің өмір сүру уақытты б.ғ.д. V-IV ғасырларда өтті. Зерттеулердің тарихи маңызы - жылқыны алғаш қолға үйретудің жер жүзінде ең басты орталығы Қазақстан болып саналуында. Ботай әлемдегі – ертедегі Еуразия жылқы өсірушілерінің ғажайып қонысы. Ботай мәдениеті - энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1.5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты ат ...

                                               

Беғазы-Дәндібай мәдениеті

Көне заманның жойқын белгілері, әсіресе Беғазы тауының бір тармағында Беғазыбұлақ, Беғазы өзені сақталғандықтан "Беғазы" деген атау қойылған. Дәндібай да жер атауы. Осы екі атау біріктіріліп, сол жердегі ежелгі өркениет қонысын "Беғазы - Дәндібай мәдениеті" деп атайды.

                                               

Атбасар мәдениеті

Басқа мағыналар үшін Атбасар деген бетті қараңыз. Атбасар Мәдениеті – төменгі палеолит дәуірінен сақталған ескерткіштердің жиынтық атауы. Осы мәдениетке жататын тұрақтар мол шоғырланған Атбасар ауылының Ақмола облысы атымен аталған. Б.з.б. 7-мыңжылдықтың аяғы мен 6-мыңжылдықтың басында Арал өңірінде өркендеген Келтеминар мәдениеті мен Ойық мәдениеті негізінде қалыптасқан. Атабасар мәдениетіне жататын 20-ға жуық тұрақ зерттеліп, қазылған. Көптеген тұрақтар Солтүстік Қазақстанның Есіл мен Шағалалы өзенінің ескі арналары жағалауларында орналасқан. Тұрақтардан табылған еңбек құралдарының арасы ...

                                               

Петров мәдениеті

Петров мәдениеті б.з.б. 17 - 16 ғасырларда Солтүстік, Солтүстік-Батыс, Орталық Қазақстан өлкелерін, Оңтүстік Оралдың сырты мен Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі орманды-далалы алқаптарды мекендеген қола дәуірі тайпаларының мәдениеті. Алғаш қазба жұмыстары жүргізіліп, көрнекті деректер табылған Солтүстік Қазақстан облысындағы Петровка ауылы маңындағы зират бойынша аталған. Бұл ескерткіштерді 1970 жылы Г.Б. Зданович зерттеді. Біршама жақсы зерттелген үлкен қоныстарының қатарына Амангелді-1, Боголюбово, Новоникольское-1, Кеңөткел-5, Семиозерное, Екпін-1 жатады. Петровка, Бірлік-1, Бірлік-2 сияқты ...

                                               

Ас қайыру

Асты "Бісміллә!" деп бастайтын қазақ тамақтанып болған соң, оны батамен қайыратын әдетінен әлі күнге дейін жаңылған жоқ. Мұны "ас қайыру" деп атаймыз. Ас қайыру тілек, батамен айтылады. Оны қара сөзбен де, өлеңмен де, тақпақтап та жеткізуге болады.

                                               

Атқа сарпастау

Атқа сарпастау - байырғы дәстүрлі әдеттік құқықта жазаның ең ауыр түрі, ауыр қылмысты айыпкерді асау аттың бауырына таңып өлтіру. Атқа сарпастау ат құйрығына байлату тәрізді жазаның түрі деп айтуға болады. Қылмыскерді асау аттың бауырына аяқ-қолынан керіп байлап, атты иен далаға үркітіп қоя береді.

Ачимчоуль
                                               

Ачимчоуль

"Ачимчоуль" - корей ұлты өкілдерінің ән-би ансамблі. 1972 жылы Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет үйі жанынан құрылды. 1978 жылы оған "халықтық ансамбль" атағы берілді. 1990-91 жылдары ансамбль Пхеньян, Сеул қаласында өткен өнер фестивальдарының лау­реаты атанды. 1993 жылы Борамала, Ташкент қаласында өткен байқауларда жүлделі орындарды, сондай-ақ корей ұлты өкілдерінің республикалық 1 және 2 фестивальдарында бас жүлдені жеңіп алды.

                                               

Аяққап

Аяққап - ертеде көшкен үйдің ыдыс-аяқ салатын киіз қабы. Төрт бұрыштан тігіледі де, аузын жауып тұратын ілгекті қақпағы болады. Қақпақтан беті шұға, барқыт тәрізді матамен өрнектеліп, жиегі түрлі шашақпен әшекейленеді. Аяққап түйеге немесе арбаға тиелген жүктің үстіндегі шаңыраққа байланады да, үй тігілгенде өрешеге, қазан-аяқ жаққа таяу керегенің басына ілімді.

                                               

Ақтақыр

Ақтақыр – екi қанатты, екi үзiкпен жабылатын киiз үйдiң шағын түрi. Қазақстанның солтүстiк-батысында малшылардың уақытша баспанасы ретiнде пайдаланылған.

                                               

Аққу биі

Басқа мағыналар үшін Аққу деген бетті қараңыз. АҚҚУ - би. Алғаш А.Жұбановтың" Би күйінің” әуенімен Б.Аюханов қойған. Би жеке немесе тұтас композицияның бір көрінісі ретінде де орындалады. Негізгі мазмұны - күй ырғағына сай аққу құстың қанат қағысын, ұшар қимылын бейнелейді.

                                               

Бесік дайындау

Бесік дайындау - нағашы жұрттың бесік дайындап әкелу салты. Дүннеге келген нәрестеге нағашы жұрты бесік, балаға көрімдік-сүйінші, бала шешесіне ана болғанына орай кимешек пен жейтін қалжа асын, немересіне көйлек-көншек апаратын болған. Кейбір өңірлерде нағашыларынан бесік келгенше баланы бөлемеген. Бұл байырғы аналық дәуірдің неке салтынан сақталған сілем болса керек.

                                               

Бешпент

Бешпент - киіп жүруге жеңіл тыс киім, келте шапан. Оны кейде бешмет деп те атайды. Шұға, мауыты тәрізді матадан тігіліп, астар мен екі араға жұқалап жүн, мақта салынып, сырылады. Бешпенттің тік жағалы, қайырма жағалы түрлері бар. Қынама белі 2 - 3 түймемен қаусырылады.

                                               

Биші

Биші - мәнерлі де әсем дене қимылын музыка сазына сәйкестендіре отырып би билейтін адам. Балет спектакльдеріне қатысатын кәсіби артистерді биші деп атайды. Қазақтың ұлттық би өнерін дамытуға үлес қосқандар қатарына Д.Әбдіров, А.Бекбәсынов, Ш.Жиенқұлова, З.Райбаев, Г.Талпақова, Б.Аюханов, т.б. бишілер бар.

                                               

Богема

Богема - - ретсіз, қамсыз, тәртіпсіз, тұрақсыз өмір сүретін, негізінен, көркемөнер, мәдениет өкілдерінің рухани мәдени ортасын білдіретін ұғым.Богеманың әсіреленген бейнесін Джакомо Пуччини өзінің осы аттас операсында суреттеген. Богемалық өнер модернизмде жанжақты өрістеген. Оның басты идеясына "таза өнер" мұраттарына сүйенетін еркін шығармашылық ортаны дәріптеу жатады. Богемалық өнерле дионисийлік мәдениеттің нышандары анық байқалады.