Back

ⓘ Қазақстан мемлекеттік құрылымдары - Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Жоғарғы Соты ..




                                               

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы - ҚР Президентінің 1993 ж. 21 қаңтардағы Жарлығымен Қазақ КСР ғылым академиясы қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Президентінің 2001 ж. 6 қарашадағы Өкімімен ҚР Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын фундаментальды ғылыми зерттеулер бағдарламалары шеңберінде орындалатын жұмыстарын сараптау функциялары жүктелді. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 22 мамырдағы қаулысымен "ҚР Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы бекітілді. Жарғыға сәйкес ҚР Ұлттық ғылым академиясы Ғылым академиясының ...

                                               

Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасының Президенті - Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.

                                               

Қазақстан Жоғарғы Соты

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты – төменгі буындағы соттардың азаматтық, қылмыстық, шаруашылық және басқа да сот істері бойынша заңда көрсетілген процесуалды формада олардың қызметтеріне сот қадағалауын жүргізіп, сот практикасы мәселелері бойынша түсінік береді. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1997 жылғы 6 наурыздағы №3 қаулысына сәйкес "Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабы 1-тармағының нормасымен бекітілетін, қолданылатын құқық - Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары болып табылады дегенді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот практикасында заңнамалық норм ...

                                               

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы. Министрлік Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы мен білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу; заңнамаға сәйкес азаматтардың мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және саналы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарын атқарады.

                                               

Қазақстан халқы ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қал ...

                                               

Қазақстан Парламентінің Сенаты

Сенат – Қазақстан Республикасының қос палатадан құралған Парламентінің жоғарғы палатасы болып табылады. Сенат 47 депутаттан құралады. Сенат депутаттары тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екi адамнан сайланатын депутаттардан құралады. Сенат депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен жүзеге асырылады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайл ...

                                               

Алгоритмнің басқару құрылымдары

Алгоритмнің басқару құрылымдары - алгоритмдегі әрекеттердің орындалу тәртібі белгілі бір нұсқаулар бойынша басқарылады. Осындай нұсқауларды басқару құрылымдары деп атайды. Олардың тізбектелу, тармақталу, қайталама деген түрлері болады.

                                               

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі

ҚР Президентінің 1999 ж. 13 мамырдағы Жарлығымен құрылды. ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен агенттік оны ҚР Премьер-Министр Кеңсесіне қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.

                                               

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясы ҚР Үкіметінің 1999 ж. 28 желтоқсандағы қаулысымен "Жоғары аттестациялық комиссиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 16 қаңтардағы қаулысымен Қазақстан ЖАК мемлекеттік орган болып табылатын ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитеті мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.

                                               

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (2000-2002)

ҚР Үкіметінің 2000 ж. 3 қарашадағы қаулысымен министрліктің Автомобиль жолдары және автомобиль көлігі комитетінің қайта аталуының нәтижесінде құрылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 19 тамыздағы қаулысымен ‘’’министрліктің Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы Комитеті’’’ болып аталды.

                                               

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті ҚР Үкіметінің 1999 ж. 29 сәуірдегі қаулысымен құрылды. ҚР Президентінің 2003 ж. 13 қыркүйектегі Жарлығымен министрлік оны ҚР Мәдениет министрлігі мен ҚР Ақпарат министрлігіне бөлу жолымен ҚР Мәдениет министрлігінің Мұрағатты басқару және құжаттама жөніндегі комитет болып қайта ұйымдастырылды.

                                               

Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Антифашистік бақылау жөніндегі комитет (1999-2001)

ҚР Президентінің 1999 ж. 27 мамырдағы Жарлығымен қүрылды. ҚР Президентінің 2000 ж. 13 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 2000 ж. 31 қаңгардағы қаулысымен ҚР Экономика және сауда министрлігінің Антидемпингтік бақылау жөніндегі комитеті болып қайта үйымдастырылды.

                                               

Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитет (1999-2001)

ҚР Президентінің 1999 ж. 13 қазандағы Жарлығымен қүрылды. ҚР Үкіметінің 1999 ж. 25 қаңтардағы қаулысымен ҚР Энергети- ка, индустрия және сауда министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитеті ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитеті болып қайта үйымдастырылды.

                                               

Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Аэроғарыш комитеті

Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Аэроғарыш комитеті ҚР Үкіметінің 1999 ж. 29 қарашадағы қаулысымен құрылды. ҚР Президентінің 2000 ж. 13 желтоқсандағы министрлікті қайта ұйымдастыру туралы Жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 2001 ж. 25 қаңтардағы қаулысымен комитет ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Аэроғарыш комитеті болып қайта ұйымдастырылды.

                                               

Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитет (1999-2001)

ҚР Президентінің 1999 ж. 27 мамырдағы Жарлығымен қүрылды. ҚР Президентінің 2000 ж. 13 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес комитет ҚР Үкіметінің 2001 ж. 31 қаңгардағы қаулысымен ҚР Экономика және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитеті болып қайта үйымдастырылды.

                                               

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитеті

ҚР Үкіметінің 1999 ж. 11 наурыздағы қаулысымен құрылды. ҚР Президентінің 2001 ж. 22 қаңтардағы Жарлығына сәйкес комитет ҚР Үкіметінің 2001 ж. 14 сәуірдегі қаулысымен таратылды. Атқару құжаттарын орындау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ штаттық саны мен мүлкі ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке және оның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы әкімшілеріне берілді.

                                               

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі ҚР Президентінің 1999 ж. 13 қазандағы Жарлығымен ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Президентінің 2001 ж. 17 қазандағы Жарлығымен агенттік ҚР Денсаулық сақтау министрлігі болып қайта ұйымдастырылды.