Back

ⓘ Спорт түрлері - Спорт, Қазақтың ұлттық спорт түрлері, Қазақтың спорт және туризм академиясы, Корея Республикасы спорты, Дойбы, Өзбектің ұлттық спорт түрлері ..




                                               

Спорт

Спорт) - белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады. Cпорт сөзінің арғы төркіні Көне Француз тілінен басталады, desport - көңіл ашу дегенді білдіреді екен. Ағылшын тіліне бұл сөз 1300 жылдары еніпті, кейін басқа тілдерге таралып, 19ғ. соңына таман қ ...

                                               

Қазақтың ұлттық спорт түрлері

Қазақтың ұлттық спорт түрлері, дене тәрбиесі және ойындары, ұлттық ат спортынан, кейбір үстел және қимыл-қозғалыс ойындарынан және ұлттық күрес түрлерінен тұрады. Ат спортының түрлері - көкпар - командалық ойын, сайыс - ат үстінде қарумен жекпе-жек өткізу; қыз қуу, аударыспақ - ат үстінде алысу, байте - ойлы қырлы жерлермен атшабыс, жамбы ату - шауып келе жатып нысана көздеу, жорға жарыс - жорғалар сыны, ат жегу - тез арада атты дайындау, ат омырауластыру - атты итерістіріп шеңберден шығару, құнан бәйге, дөнен бәйге, тай жарыс - жылқы түліктерінің жарысы, күміс ілу - жерден күміс тиынды ат ...

                                               

Қазақтың спорт және туризм академиясы

Қазақтың спорт және туризм академиясы, дене тәрбиесі мен спорт саласы бойынша ҚР-ындағы ең үлкен жоғары оқу орыны. Бұрынғы аты Қазақ дене тәрбиесі институты, Халық комиссарлар кеңесінің 1944 жылғы 14 қарашадағы қаулысымен ашылған, ал ҚР үкіметінің 28.10.1988 ж. Қаулысымен Қазақ туризм және спорт академиясы болып өзгертілген. Академия туризм мен спорт саласы бойынша білікті жаттықтырушылар мен оқытушы-нұсқаушыларды, валеологтарды, спорт дәрігерлерін, экономистерін, мейманхана қызметкерлерін дайындайды. Академияның оқу корпустары, спорт залдары, жатақханалары, 2 стадионы, Қапшағайда туристік ...

                                               

Корея Республикасы спорты

Оңтүстік Кореяда кейбір дәстүрлі спорт түрлері бар, бірақ батыс елдерінен келген спорт түрлерін неғұрлым байсалды дамыған. Ең танымал спорт түрлері - альпинизм, футбол, бейсбол, баскетбол, жүзу, жеңіл атлетика, бокс және компьютерлік спорт

                                               

Қазақстан Республикасы Мәдениет, Ақпарат және Спорт министрлігінің Спорт істері жөніндегі комитеті (2004-)

ҚР Президентінің 2004 ж. 29-қыркүйектегі Жарлығымен ҚР Туризм және Cпорт агенттігінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29-қазандағы қаулысымен құрылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29-қазандағы қаулысымен комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет заңнамамен көзделген шектерде өз құзіретіне жатқызылған қызмет салаларындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР Мәдениет, Ақпарат және Спорт министрлігінің ведомствосы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері спорт және дене шынықтыру саласы ...

                                               

Дойбы

Дойбы - спорт түрі. Дойбыны алпыс төрт не жүз шаршыға бөлінген тақтада он екі не жиырма таспен екі адам ойнайды. Ойынның мақсаты - қарсыласының тастарын түгел жою немесе жүріс жолдарын бөгеп тастау. Дүниежүзілік дойбы федерациясы FMІD 1947 ж. құрылған. Оған отыздан астам ел мүше.

                                               

Олимпиялық спорт түрлері факультеті (ОСТФ)

Олимпиялық спорт түрлері факультеті, студенттердің өздері маманданған түрлері бойынша жоғары білімді жаттықтырушыларды, жоғары оқу орындары дене тәрбиесі кафедраларының оқытушылары мен колледждердің, мектептердің дене тәрбиесі мұғалімдерін дайындайды.

                                               

Өзбектің ұлттық спорт түрлері

Өзбектің ұлттық спорт түрлері, дене жаттығулары және ойындары, өзбек халқына ерте замандардан бері дене жаттығулары мен ойындардың көптеген түрлері белгілі болған, атап айтқанда: атшабыс, кураш, дорбоз, әртүрлі ойындар- батоба, бупы ташар, оксок жорга, улак, шоген, шайтан-шайтан және т.б. дене жаттығулары.

                                               

Қырғыздың ұлттық спорт түрлері, дене тәрбиесі және ойындары

Қырғыздың ұлттық спорт түрлері, дене тәрбиесі және ойындары - көбісі қазақ халқының ұлттық спорт түрлері, дене тәрбиесі және ойындарына ұқсас, қимыл-қозғалыс ойындары - ордо, ак чол- мок және т.б.

                                               

Жазғы Азия ойындары 1998

Жазғы Азия ойындары 1998 немесе XIII Азия ойындары Бангкокте 6-сы мен 20 желтоқсан аралығында 1998 жылы өткізілді. Ойындарға 6554 спортшы Азияның 41 елінен қатысты. 376 медальдар жиынтығы 36 түрлері бойынша ойнатылды.

                                               

Өтепқали Нысанбайұлы Құралов

Өтепқали Нысанбайұлы Құралов, ҚазКСР-інің ЕСЖ- сы. Атырау қалалық спорт комитетінің төрағасы, республикалық спорт комитеті бұқаралық спорт түрлері бөлімінің, Қазақстан кәсіподақтары дене тәрбиесі мен спорт бөлімінің бастығы, Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің нұсқаушысы.

                                               

Петр Николаевич Шабалин

Петр Николаевич Шабалин. Әртүрлі қашықтықтарға сырғанауда республиканың әлденеше мәрте чемпионы және жүлдегері. 1972-77 ж.ж. қазақ дене тәрбиесі институтының аға оқытушысы, 1978-91 ж. республикалық мектеп-интернат директорының орынбасары, 1991-2000 ж.ж. спорт ойындары және қысқы спорт түрлері республикалық жоғары спорт мектебінің директоры, 2000 жылдан ЦСКА спорт клубы спорт ойындары мектебінің директоры. "Еңбек сіңірген спорт қайраткері".