Back

ⓘ Зоология - Зоология, институты, Борис Степанович Виноградов, Палеоботаника, Блок Шайкенов, Виктор Васильевич Шевченко, Январцев, Багацератопс, Басқақ ауруы ..




                                               

Зоология

Зоология - – жануарлар организмдерінің құрылысын, қалыптасуы мен дамуын, жүйеленімін, Жер бетінде таралуын, басқа организмдермен қарым-қатынасын, тіршілік ортасымен байланысын анықтайтын және тарихи даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым; биология ғылымының бір саласы. Зоологияның анатомия, гистология, физиология, зоогеография, жүйелендіру, палеозоология және филогенетика тәрізді көптеген салалары бар.

                                               

Зоология институты

Зоология институты - Қазақстанның жан-жануарлар дүниесін зерттейтін ғылыми мекеме. Қазақстан ғылым академиясының құрамында, КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесіне қарасты зоологиялық секторы негізінде 1943 жылы құрылған. Институтта 88 ғылыми қызметкер, соның ішінде Ұлттық ғылым академиясының 1 акад., 2 корр. мүшесі, 15 ғылыми доктор және 43 ғылыми кандидаттары жұмыс істеді. 1943 жылы зоология секторының базасы тағы 5 секторды: экология және зоогеография, паразитология, генетика және ауылшаруашылық жануарларының дамуы, халық тәжірибесін игеру және мал шаруашылығын жүргізу секторларын қо ...

                                               

Борис Степанович Виноградов

Виноградов Борис Степанович - совет зоологы, биология ғылми докторы, профессор, В.Харьков университетінің физика-математика факультетінің жаратылыс тану бөлімін бітірген. 1918-1920 жылдары осы университеттің зоология кафедрасында ассистент, 1921-1958 жылдары КСРО ғылым академиясының зоология музейінде, кейін зоология институтында сүт қоректілер бөлімінің меңгерушісі. Осы аралықта ол Харьков және Ленинград университеттерінде мұғалім қызметін атқарған. Ол 120-дан астам ғылми еңбектің авторы. Ол Ленин ордені және Еңбек Қызыл Ту ордені, бірнеше медальдармен марапатталған.

                                               

Палеоботаника

Палеоботаника – қазба өсімдіктерді зерттейтін ғылым ; ботаника мен палеонтология саласы. Геологиямен тығыз байланысты. 1946 ж. Қазақстан ғылым академиясының Зоология институтында палеобиология лаборатория ашылды. Қазір ол Палеоботаниканың аса маңызды мәселелерін зерттейді. Республика аумағындағы мезозой мен кайнозой флорасының дамуы жөнінде жалпы сұлба жасалды. Қаратаудағы юра, Шығыс Аралдағы соңғы бор, Зайсан қазаншұңқырындағы палеоцен, Ертіс маңындағы эоцен, Мұғалжар мен Оңтүстік Алтайға, Солтүстік Арал маңы мен Іле ойысына тән олигоцен, Торғай ойпаңы мен Солтүстік Тянь-Шаньдағы миоцен ф ...

                                               

Блок Шайкенов

Блок Шайкенов – биология ғылымдарының докторы, профессор. Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан. Семей зоотехника-малдәрігерлік институтын 1962, қазіргі Семей мемлекеттік университеті және Қазақстан ғылым академиясы зоология институтының аспирантурасын 1967 бітірген. Шығыс Қазақстан облысында бас мал дәрігері 1962–1964, Семей зоотехника-малдәрігерлік институтында ассистент 1964, 1967 жылдан Қазақстан ғылым академиясының зоология институтында кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі, институт директоры 2009–2010 қызметтерін атқарған. 160-тан астам ғылыми жарияланым м ...

                                               

Виктор Васильевич Шевченко

Харьков мемлекеттік университетін бітірген 1936. 1934 - 36 жылдары УССР ауыл шаруашылығы академиясының Азов - Сиваш мемлекеттік қорығының кші ғылыми қызметкері, сонда аспирант 1936-38, Харьков мемлекеттік университетті зоология кафедрасының асситенті 1938-40, осы университеттің жанындағы зообиология институтының аға ғылыми қызметкері 1940-41. 1949-57 жылдары Ақсу - Жабағылы қорығының аға ғылыми қызметкері, сонда директордың ғылым жөніндегі орынбасары 1957-59, Қазақ АКСР ҒА- ның Зоология институтының аға ғылыми қызметкері 1959-64, сол институттың паразит буынаяқтылар лабораториясының меңгер ...

Январцев
                                               

Январцев

Іргесі 1949 жылы орман шауашығын құруға байланысты қаланған. 1994 жылдан оның негізінде Январцевта және округке қарасты Кирсаново, Петрово, Чинарево Шынар ауылдарында 40 шаруа қожалығы мен 3 ЖШС құрылды. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль және су жолы арқылы қатынасады. Округ аумағында Кирсанов зоология қорықшасы орналасқан.

Багацератопс
                                               

Багацератопс

Багацератопс - Моңғолияны мекендеген қарапайым протоцератопсид тұқымдасының өкілі. Төрт аяқты, шөппен қоректенген динозавр көлемі жағынан протоцератопсидтің ішіндегі ең кішкентайы. Басының артқы жағында жіңішке желбіршегі, ал мұрнында шағын мүйізі болған. Осы сияқты мүйіз кейіннен Солтүстік Американың әлдеқайда жетілген, алып, мүйізді церотопсиддинозаврларынан да кездеседі.

Басқақ ауруы
                                               

Басқақ ауруы

Басқақ - азығындағы витаминдердің тапшылығынан болатын қой ауруы. Ауырған саулықтың көзі бозарып, жүні түседі, қоздайтын мезгілі жақындағанда, көтерем болып қалады. Кейде іштегі қозысы өліп, енесіне де қауіп төнеді. Басқақтан сақтандыру үшін қойға витамині мол азық беріп, күн сәулесі мол түсетін жерде ұстайды.

Ламбеозавр
                                               

Ламбеозавр

Ламбеозавр - басында үлкен айдары бар үйректұмсықты динозавр. Айдар сүйегінің іші қуыс болған. Көлемі оның бассүйегімен бірдей ғана болатын. Барлық динозаврлар секілді ламбеозавр да өзінің айдарын дыбыс шығару үшін немесе иіс сезу қабілетін күшейту үшін пайдаланған. Әлбетте, тынс алу тесіктері де айдарында орналасты. Оның көру және есту қабілеттері өте жақсы дамығанымен, табиғи қорғанысы болмаған. Ламбеозавр - ірі денелі гадрозавр.

Орнитомим
                                               

Орнитомим

Орнитомим шамамен 76-65 миллион жыл бұрын кейінгі Бор дәуірінде өмір сүрген. Динозавр дәуірінде жер бетін альбертозавр, паразауролофус, эоплоцефал, критозавр және нанотиран сияқты дмнозаврлар мекендеген. Оның тұмсығы тіссіз, басы шағын, көздері бадырайған, миы кішкентай, мойыны мен құйрығы ұзын, сүйегі қуысты, түйеқұс тектес динозавр. Ұзындығы шамамен 4-6 метр,бойы - 2.7 метр. Үш саусақты қысқа алдыңғы аяғы мен ұзын артқы аяғы болған.

Сайхания
                                               

Сайхания

Сайхания - анкилозаврид тұқымдасына жататын динозавр. Бор кезеңінде өмір сүрген жануардың сауытымен бірге табылған қаңқасының аз бөлігі ғана зерттелді. Динозавр құмды дауыл кезінде өлген. Денесі құмды тастың ішінде бауырымен жерге жабысып жатқан күйі табылған. Эрозия қаңқаның артқы бөлігін құртып жіберген. Соңғы кездері динозаврдың басқа да қаңқа бөліктері табылыа, ол туралы толық зерттеулер жазылуда. Сайханияның бассүйегі ерекше болған.

Талғаусыздар
                                               

Талғаусыздар

Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы - 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев

Уненлагия
                                               

Уненлагия

Уненлагия. Буэнос–Айрес ұлттық тарихи мұражайының маманы Фернандо Новас Солтүстік Аргентинадағы Патагония аумағыннан ежелгі өзендердің арнасынан уненлагияның жиырмаға жуық сүйек қалдығын қазып алған. Ондағы динозаврдың биіктігі– 1.2 метр, ұзындығы 2 метр болған. Уненлагия біздің заманымыздан 90 миллион жыл бұрын мекен еткен. Жануардың жер астынан табылған сүйектері құсқа ұқсап ұша алмайтын етқоректі динозавр болғанын көрсетті.

Хиростенот
                                               

Хиростенот

Хиростенот - көлемі ересек адаммен бірдей, салмағы одан әлдеқайда аз динозавр. Аяқтары жіңішке және ұзын. Оны осы ерекшеліктеріне қарап - хиростенот, яғни жіңішке қол деп атаған. Алайда жеңіл салмақты динозавр жемтігін шап беріп ұстап, жылдам қорекке айналдыра білген. Хиростенот кейбір мәліметтерде қорек талмаған делінеді. Оның негізгі азығы - балық пен кесіртке. Сол сияқты жұмыртқаларды да жеген.

Эпидентрозавр
                                               

Эпидентрозавр

Эпидентрозавр - ерте Бор дәуіріне жататын манираптор динозавры. Оның ағаштан-ағашқа секіріп, маймылдарша өмір сүргені және құстар тобына жатпайтын алғашқы динозавр екені анықталған. Уақытының көп бөлігін ағаштардың үстінде өткізген болу мүмкін. Ғалымдар жер бетінен тым биікте күн кешкен динозавр туралы деректерді дәлелдей алмай отыр. Біреулері оны толық жетілмей, ерте өліп қалатын, құстармен мүлде байланысы жоқ динозавр десе, енді біреулері бұған келіспейді.

Этьен Жоффруа Сент-Илер
                                               

Этьен Жоффруа Сент-Илер

Этьен Жоффруа Сент-Илер -ранцуз зоологы, британдық эволюционист Ч. Дарвиннің континенталды ізашары және қазіргі заманғы инволюция ілімінің бастаушысы. Изидор Жоффруа Сент-Илердің әкесі. Бальзак өзінің "Горио әкей" романына келесідей арнауды кіріспе ретінде баяндады: "Ұлы және әйгілі Жоффруа де Сент-Илерге оның шығармалары мен данышпандығына таңданудың белгісі ретінде", ол "Адами комедияның" алғысөзінде Кювье мен Сен-Илер арасындағы әйгілі дау туралы жазды.