Back

ⓘ Қазақстан құқығы - Жер құқығы, Жерге меншік құқығы, Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Сайлау құқығы ..




                                               

Жер құқығы

Жер құқығы - құқықтың мемлекеттегі жер қатынастарын реттейтін саласы. Жер құқығы Қазақстан Республикасында дербес құқық саласы болып табылады. Оның негізгі міндеттері: жер учаскесіне меншікті құқығы мен жер пайдалану құқығының пайда болуын анықтау және оның дамуына жағдай жасау; жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының өзгертілуі мен тоқтатылуы негіздерін анықтау; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғау; топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіру; табиғи ортаны сақт ...

                                               

Жерге меншік құқығы

Жерге меншік құқығы - жер қатынастары субъектілерінің өздеріне тиесілі жер учаскесін заң актілерінде белгіленген негіздерде, жағдайлар мен шектерде иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттік меншік және жеке меншік нысандары заң жүзінде танылған және олар тең дәрежеде қорғалады. Жерге мемлекеттік меншіктің субъектісі мемлекет, яғни Қазақстан Республикасының өзі. Жердің меншік иесі ретіндегі мемлекеттің құқықтарын заң актілерінде белгіленген ережелерге сәйкес оның атынан мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады. Жер учаскесіне жеке меншік қ ...

                                               

Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы

Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы - 2011 жылы Астана қаласы "Фолиант" баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы - Дәурен Жампейісов, Думан Жампейісов. Беттер саны - 664. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасынан тіркелу кезінде берілген ISBN нөмірі - 978-601-292-294-3.

                                               

Қазақстан Республикасының Конституциясы

Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші ко ...

                                               

Сайлау құқығы

Сайлау құқығы Сайлау және сайлану құқығы Қазақстан Республикасы азаматының ең басты саяси құқығы ҚР Конституциясы. 33-бап. Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады. Сонымен қатар сайлауға қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы. Әрбір мемлекет сайлауға азаматтардың басым көпшілігінің қатысуына жағдай туғызады. Сайлауға қатысу - азаматтардың бейкам бақылаушы емес, өз елі үшін жаны ауыратындығының көрсеткіші. Бейкамдык пен қатыспаушылық жағымсыз құбылыстарға жол ашады. Сайлаушылардың сайлауга келмеуі абсентеизм деп аталады.

                                               

Рим құқығы

Рим құқығы - Көне Римде пайдаболған құқық жүйесі. Византия империясының құлауына дейін дамыған жүйе. Ежелгі Римде қалыптасқан құқықтық жүйе. Б.з.б. 2 ғасырдың басында Рим құқықтанушылары халықтық нормативтік тәжірибені жүйелеуге кірісе бастады. Осы ұмтылыстың нәтижесінде б.з.б. 2 ғасырдың соңында Квинт Муций Сцевола бүкіл еур. құқықтанудың негізі болған алғашқы бір жүйелі Рим құқығын жазып шықты. Рим құқығы азаматтық айналым субъектілерінің өзара теңдігі, бөтеннің мүлкіне қол сұқпаушылық, қоғамда қалыптасқан ережеге мұрсат берушілік, т.б. қағидаларға негізделді. Сондай-ақ норма тудыру ереж ...

                                               

Суды пайдалану құқығы

Суды пайдалану құқығы - Қазақстан Республикасының барлық заңды ұйымдары мен азаматтарының суды пайдалану құқығы. Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген реттерде өзге ұйымдар мен адамдар да суды пайдаланады.

                                               

Жер-қоныс құқығы

Жер-қоныс құқығы - азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелерін құрылыс құжаттамасына сәйкес заң бойынша белгіленген тәртіппен жергілікті атқару органдарының шешімі арқылы иелену құқығы. Жер учаскелері Қазақстан азаматтарының отбасына жеке меншікке мынадай мөлшерде тегін беріледі: 1) ауылдық жерлерде өзіндік үй шаруашылығын жүргізу үшін - суарылмайтын жерде 0.25 гектар және суарылатын жерде 0.15 гектар; 2) жеке тұрғын үй құрылымы үшін - 0.10 гектар; 3) бағбандық, сондай-ақ, саяжай құрылысы үшін - 0.12 гектар. Аталған мақсаттар үшін жер учаскелерін қайталап тегін беруге рұқсат етілмейді. ...

                                               

Жер пайдалану құқығы

Жер пайдалану құқығы - жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және ақысыз негізде мерзімсіз немесе белгілі мерзім шегінде иелену және пайдалану құқығы. Жер пайдалану құқығының субъектілері болып азаматтар мен заңды тұлғалар есептеледі. Қазақстан Республикасының" Жер туралы” Заңына сәйкес олар төмендегі топтарға бөлінеді: 1) мемлекеттік және мемлекеттік емес жер пайдаланушылар; 2) осы елдің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар; 3) тұрақты және уақытша жер пайдаланушылар; 4) бастапқы және кейінгі жер пайдаланушылар; 5) жеке және заңды тұлғалар. Тұрақты Жер па ...

                                               

Жұртшылық Құқығы

Жұртшылық Құқығы – елдегі жалпы мемлекеттік мүддені қамтамасыз ететін қатынастарды реттейтін құқық салаларының жиынтығы. Жұртшылық құқығының салаларына: мемлекет теориясы мен құқық теориясы, конституциялық құқық, әкімшілік құқық, салық заңнамасы, қылмыстық құқық, сот құрылымы, іс жүргізу құқығы, халықаралық жұртшылық құқығы, ақпараттық құқық жатады.

                                               

Бәсең сайлау құқығы

Бәсең сайлау құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының - Қазақстан Республикасы ның Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Мәслихатының депутаты, немесе жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құқығы.

                                               

Жерге билік ету құқығы

Мемлекеттін Қазақстан Республикасының аумағындағы жердің заңдық тағдырын айқындаудағы заңмен қамтамасыз етілген құқығы, сондай-ақ жердің жеке меншік иесінің өз жер учаскесіне қатысты Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған мәмілелер жасауға құқығы.