Back

ⓘ Қазақстан фаунасы - Индрикотерий фаунасы, Палеозоология, Асқазансор қазба фаунасы, Кайнозой фаунасы, Жыланшық қазба фаунасы, Арал қазба фаунасы, Татреңдер ..




                                               

Индрикотерий фаунасы

Индрикотерий фаунасы – олигоцен дәуірінің алғашқы жартысында тіршілік еткен алып мүйізтұмсықтар. Индрикотерий фаунасының қазба сүйектері Еуразияның қоңыржай белдемдерінде орналасқан елдерден табылған. Ал Қазақстанда Торғай қолатындағы Шалқар соры маңында бірнеше жерден табылған. Осыған байланысты бұл фаунаны "Торғай фаунасы" деп те атайды. Қазақстан жерінен табылған Индрикотерий фаунасын 1912 – 13 жылдары алғаш зерттеген Ресей ғалымы, академик А.А. Борисяк. Индрикотерий фаунасының негізгі өкілі – индрикотерий. Дене тұрқы 7 м-дей, биіктігі 5 м-дей болатын ірі жануар. Мойны ұзын, кеудесі қыс ...

                                               

Палеозоология

Палеозоология – геологиялық өткен дәуірлерде тіршілік етіп, өліп біткен қазба жануарлардың құрылысын, таралуын, өзара және осы кездегі жануарлармен туыстық қатынасын зерттейтін ғылым: палеонтология мен зоология саласы. Қазақстанда қазба жануарлардың жекелеген қалдықтары 18 ғасырдың 2-жартысында табылды. Палеозоология саласындағы жүйелі зерттеулер кеңес дәуірінде басталды. Қазақстан Ғылым Академиясының Зоология институты, Геология институты, т.б. ғылыми ортлыққа айналды. Республикада антропоген сүтқоректілерінің атласы жасалып, гиппарион және антропоген фаунасы, еттұмсықтылар туралы деректе ...

                                               

Асқазансор қазба фаунасы

Асқазансор қазба фаунасы – Бетпақдаланың Асқазансор тұзды ойпатының оңтүстік жағалауынан табылған омыртқалы жануарлар қалдығы. Ертеде тіршілік еткен жануарлардың бұл қазба қалдығын 1929 ж. Орта Азия ун-тінің кешенді экспедициясының геологы Д.И. Яковлев ашқан. Кейінірек Ресей және Қазақстан палеонтологтарының жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде, бұдан 20 – 25 млн. жыл бұрын тіршілік еткен жануарлар сүйектері табылды. Олар тақтұяқтыларға жататын: халикотерийлер – Phіllotіllon, мүйізтұмсықтар – Brachypotherіum, Protaceratherіum, Aprotodon, жұптұяқтыларға жататын шошқатәрізділер – Hemіmer ...

                                               

Кайнозой фаунасы

Кайнозой фаунасы – кайнозой эрасы кезінде тіршілік еткен жануарлар дүниесі. Кайнозой фаунасы 65 млн. жылдан бергі уақыт аралығын қамтиды. Кайнозой фаунасын кейде сүтқоректілер заманы деп те атайды. Себебі, мезозой эрасында алып бауырымен жорғалаушылар – динозаврлар толығымен жойылып бітіп, кайнозойда жылы қанды сүтқоректілердің жедел дамыған кезеңі басталды. Бұл кезеңде сүтқоректілердің 25-тен астам отряд топтары тіршілік еткен. Олардың арасында: жыртқыштар, кемірушілер, жұп және тақ тұяқтылар, піл және кит тәрізділер, т.б. жануарлар болған. Сондай-ақ, Кайнозой фаунасының құрамына: омыртқа ...

                                               

Жыланшық қазба фаунасы

Жыланшық Қазба Фаунасы – неоген кезеңінің миоцен дәуірінде тіршілік еткен жануарлардың Жыланшық өзенінің орта ағысынан табылған қазба қалдықтарының жиынтық атауы. Кейбір деректерде Жыланшық қазба фаунасы жақын орналасқан Күшік қыстауының атымен Күшік фаунасы деп те атайды. Қазбадан мастодонттың алғашқы түрлерінің бірінің гомфотерий тұқым тармағына жататын Мastodon atavus, мүйізтұмсықтар, бауырымен жорғалаушылар, т.б. қалдықтары табылды. Жыланшық қазба фаунасынан қалдықтары табылған жануарлар тіршілік еткен кезде ауа райы құрғақ, континенттікболған. Жыланшық қазба фаунасының Жердің шөгінді ...

                                               

Арал қазба фаунасы

Арал қазба фаунасы – Арал теңізінің солтүстік жағалауындағы олигоцен дәуірінің аяқ кезіндегі құрлық шөгінділерінен табылған жануарлар қалдығы. Қазба жұмыстарын 1930 ж. КСРО Ғылым Академиясының Палентология институты және Қазақстан Ғылым Академиясының Зоология институты жүргізді. Қазбадан: мүйізтұмсықтар, бұғытәрізділер, кемірушілер, бауырымен жорғалаушылар, құстар қалдықтары табылды. Олар шамамен 25 – 26 млн. жыл бұрын ылғалды ормандар мен көлді, батпақты аймақтарда тіршілік еткен. Арал қазба фаунасының жер қабатының геологиялық салыстырмалы жасын анықтауда маңызы зор.

Татреңдер
                                               

Татреңдер

Татреңдер - Татреңтәрізділер отрядының Татрең тұқымдасының негізгі туысы. Түрлері: маусымқұс лат. Pluvialis squatarola алтынжон татрең лат. Pluvialis apricaria қошқылқанат татрең лат. Pluvialis fulva Pluvialis dominica Бұлардың барлығы Қазақстанда кездеседі.