Back

ⓘ Камдар - мұздықтың аккумуляциялык тебешікті бедер пішіндері, көбінесе төбесі жалпақ дөңгелек пішінді күмбездер түрінде ретсіз орналасады. Олар кейде көлдерге ай ..




                                     

ⓘ Камдар

Камдар - мұздықтың аккумуляциялык тебешікті бедер пішіндері, көбінесе төбесі жалпақ дөңгелек пішінді күмбездер түрінде ретсіз орналасады. Олар кейде көлдерге айналған немесе батпакты ағыссыз қазаншүңқыр түріндегі ойпандармен бөлінген. Беткейлері, әдетте, қия - 45°-ка жетеді. Көлбеу және диагональ көлдік типті қабаттылыты гравийден, құмнан және құмайттан тұрады. ххФлинт теориясыъъ бойынша камдар континент мұздыктарының ішкі шетінде олардың дегляциялану жағдайында пайда болады.

Камдар - соңғы материктік мұз басу дамыған атыраптардағы дөңгелек немесе сопақша пішінді күмбез тәріздес тік беткейлі төбелер. Бір-бірден не топтасып кездеседі, биіктіктері көбінесе 6-12 м, ең биігі 30 м-ге дейін жетеді. Арасында қиыршық тас және жеке қойтастары бар құмдақ және саздақ материалдардан тұрады, үстінде мореналық жамылғысы болады. Балтық маңының, Ленинград облысының, Карелия Республикасының көптеген аудандарына тон.