Back

ⓘ Кадр, Frame. Кадр - 1 мәліметтерді жеткізу желілерінде - байланыс арнасы бойынша бір десте түрінде берілетін, құрамында адресі мен бақылау байты көрсетілген бас ..




                                     

ⓘ Кадр (Frame)

Кадр - 1) мәліметтерді жеткізу желілерінде - байланыс арнасы бойынша бір десте түрінде берілетін, құрамында адресі мен бақылау байты көрсетілген басқару ақпараты бар тұрақты пішімдегі мәліметтер блогы. Әдетте, желі арқылы стандартты пішімдегі бірнеше кадр түрі жеткізіледі. Кадр және десте терминдері синоним сөздер ретінде қолданылады; 2) экран бетіндегі бейнелерде немесе мультимедиа жүйелерінде - экрандағы көрініп түрған жылжымалы кескіннің бөлек бір кадры; 3) асинхронды тізбекті жеткізу жүйелерінде - мәліметтердің алғашқы битінен оның соңғы битіне дейінгі уақыт аралығы; 4) дисплей экранының ішіндегі мәлімет; 5) компьютер желіле- рінде - байланыс арналары бойынша берілетін мәліметтердің тиісті үлесі; 6) кейбір мәтіндік процессорларда жөне редакторлық баспа жүйелерінде - тіктөртбұрышты аумақ, мыс., ол бір суретпен сипатталған иллюстрация болсын, оны парақ бетіне қойғанда баска мәтінге байланыссыз өз бетінше жылжытуға болады; 7) желілік әрекеттестіктің арналық деңгейінде берілетін мәліметтердің үлесі.