Back

ⓘ КАВКАЗ ҮШІН ШАЙҚАС - 1941 - 45 ж. Ұлы Отан соғысы барысында Дон өзені мөн Кавказдың басты жота-сы бөктері аралығында 1942 ж. 25 ию-лінен 1943 ж. 9 октябріне дей ..




                                     

ⓘ Кавказ үшін шайқас

КАВКАЗ ҮШІН ШАЙҚАС - 1941 - 45 ж. Ұлы Отан соғысы барысында Дон өзені мөн Кавказдың басты жота-сы бөктері аралығында 1942 ж. 25 ию-лінен 1943 ж. 9 октябріне дейін бол-ған ірі қорғаныс шәне шабуыл операциялары. Шабуыпга шыққан неміс-фашист командованиесі Кавказ-дың басты жотасын Новороссийск мен Туапсе арқылы батыстан және Грозный мен Баку арқылы шығыстан орап өтуді және маневр жасап, оның орталық асулары арқылы Тбилиси, Кутаиси, Сухумиді басып алуды көз-деді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жау Кавказ бағытына "А" армиялары тобын бөлді. Бұларға күрамында 112 мың адам, 121 танк, 2160 зенбірек пен миномет, 130 само- леті бар Оңт. майдан әскерлері қарсы тұрды.

Неміс-фашист әскерлерінің шабуы-лы 1942 ж. 25 шілде басталды. Күші басым жаудың тегеурініне ұшьтрағап сов. әскерлері Оңт. нен Оңт Шығыс-ңа шегінуге мәжбүр болды. 28 шілде /Коғарғы бас командование ставкасы Оңт. және Солт Кавказ майдан-дарын біріктіріп, Солт Кавказ майда-нын Сов. Одағының Маршалы С. М. Буденный ңұрды. Оған Қара теңіз флоты вице-адм. Ф. С. Октябрьский мен Азов әскери флотилиясы контр-адм. С. Г. Горшков бағындырылды. Майданның Ставрополь бағытында Дон ген лейтенант Р. Я. Малинов-ский, Краснодар бағытында Приморье онеративті топтары ңұрылды. Закав-казье майданына армия генералы И. В. Тюленев Терек өзені мен Кав-каздың басты жотасы асуларында шеп ңұрып, ңорғанысқа әзірлену міндеті жүктелді. Неміс-фашист әскерлерініц бастырмалата алға жылжуы және қоршауға алу қаупі Сов. әскерлерін Кубань өзеніне, кейін Кавказдың бас-ты жотасының бат. жақ бөктеріндегі шепке шегінуге мәжбүр етті. Ставка майдан әскерлерін өз резервтерімен күшейтті және Грозный бағытын Закавказье майданы Солт. тобы әскер-леріне ген лейт. И. И. Масленников бөгеуге бұйрық берді. Тамыз - қыркүйек айларында Майкоп-Туапсе және Краснодар-Новороссийск бағыттарында кескілескен ұрыстар болды. 11 тамыз 17-неміс армиясы әскерлері Майкоп пен Краснодарды, 31 тамыз Анапаны алды, 7 қыркүйекте Новороссийскінің солт. іргесіне жетті. Жау Туапсені ала алмады. Неміс-фашист командование-сінің Кавказдың басты жотасы асула-рынан Сухумиге өтпек болған әрекеті іске аспай қалды. Жау Грозный ба-ғытында алға ұмтылып, 25 тамыз Моздокты, 12 сентябрьде Малгобекті алды, 25 октябрьде Нальчик пен Орд-жоникидзеге бұзып өтті. Орджоникидзе түбінде 6 - 12 қарашада неміс-фашист әскерлерінің екпінді тобы талқандалып, солтүстікке қарай 40 - 50 км қуылып тасталды. Ноябрь - декабрьде дұшпан барлық жерде сов. әскерлерініц соққысына ұшырап, қор-ғанысқа көшті. Кавказ қорғанысы барысында Сов. әскерлері жаудың көптеген күшін тапжылтпай ұстап тұрды және оларды зор шығынға ұшыратты.

Неміс-фашист әскерлерінің Сталинград түбінде талқандалуы және Оңт. майдан әскерлерінің Ростов бағытын-да жаппай шабуылға шығуы жауды Моздок ауданынан солт батысқа ше-гінуге мәжбүр етті. Сов. әскерлерінің солт. тобы 24 қаңтардан ген лейте-нант И. И. Масленников басқарған Солт Кавказ майданы жауды өкшелей қуа отырып, 24 қаңтарда Малгобек, Моздок, Прохладный, Мине-ральные Воды, Пятигорск, Ессентуки, Кисловодск, Ставрополь, Армавирді азат етті. Жаудың Кубань өзенінде шеп кұрып, бекінбек болған әрекеті жүзеге аспады. Сов. әскерлері 650 км алға жылжып, 30 қаңтарда Кропот-кин мен Тихорецкіні алды. Қара теңіз тобы әскерлері 9 ақпандан Солт Кавказ майданы ңұрамында 16 ян-варьда шабуылға шығып, 4 ақпанда Нефтегорск мен Майкопты, 12 февральда Краснодарды азат етті. Неміс-фашист командованиесі "А" армия-ы тобының бір бөлігін Ростов арңы-лы алып кетіп үлгірді, ңалған бөлігін Таманьға жеткізіп, алдын ала дайын-далынған шепке "Көгілдір шеп" бе-кіндірді. Сов. әскерлерінің 1943 ж. көктемде жау ңорғанысын бұзып өту жөніндегі әрекеттері онша сөтті бола қоймады. Күзде Новороссийск - Та-мань операциясының 1943 ж. қыркүйек - қазан барысында Солт Кавказ майда-ны әскерлері 1943 ж. майынан коман-дашысы ген полковник И. Е. Петров Қара теціз флотымен қоян-қолтық қи-мылдай отырьда, Новороссийскіні жә-не бүкіл Тамань түбегін азат етті. К. ү. ш-тағы жеңіс сов герман майданы-ның оң қанатын нығайтты. -

Әеб.: Великая Отечественная война Советского Союза 1941 - 1945. Краткая ис-тория, М., 1965; 50 лет Вооруженных Сил СССР, М., 1968; Гречко А. А., Битва за Кавказ, М., 1967.