Back

ⓘ Калорифер – ауамен жылыту, желдету жүйелері мен кептіргіш қондырғылардағы ауа қыздыратын аспап. Пайдаланатын жылу тасығыштарына байланысты калориферлер булы, су ..




                                     

ⓘ Калорифер

Калорифер – ауамен жылыту, желдету жүйелері мен кептіргіш қондырғылардағы ауа қыздыратын аспап. Пайдаланатын жылу тасығыштарына байланысты калориферлер булы, сулы және оттық болып бөлінеді. Калорифердің жылу шығару қабілетін арттыру үшін бұлар, әдетте, қырланған болат құбырдан жасалады. Қырларының түріне қарай калориферлер пластинкалы, спиральді-ленталы және сым қырлы болып бөлінеді. Алғашқысында құбырға жұқа пластинкалар кигізіледі, екіншісінде таспа оралады, ал соңғысында сым оралады. Спираль орамды және пластинкалы калорифер тиімдірек. Сонымен қатар электрлі және отты-ауалы калориферлер қолданылады.