Back

ⓘ Калориметрия – әр түрлі физикалық, химиялық және биологиялық процестермен қабаттаса жүретін жылулық әсерлерді өлшеу әдістерінің жиынтығы. Калориметриялық өлшеул ..




                                     

ⓘ Калориметрия

Калориметрия – әр түрлі физикалық, химиялық және биологиялық процестермен қабаттаса жүретін жылулық әсерлерді өлшеу әдістерінің жиынтығы. Калориметриялық өлшеулерді жүргізуге арналған приборларды калориметрлер деп атайды. Калориметрлердің құралымдары өлшеудің шарты мен талап етілетін дәлдігіне байланысты анықталады. 400 К және одан да жоғары температурада жүргізілетін калориметриялық өлшеулер жоғары температуралы калориметрия деп, ал сұйық азоттың, сутектің және гелийдің аймағында жүргізілетін калориметриялық өлшеулер төмен температуралы калориметрия деп аталады. Калориметриялық өлшеудің нәтижелері жылу техникасында, металлургияда, химиялық технологияда кеңінен қолданылады.