Back

ⓘ Камералық музыка – музыканың бір жанры; шағын орындаушылар тобына арналып жазылған аспаптық немесе вокальдік шығарма. Оның концерттік, симф. және театр музыкасы ..




                                     

ⓘ Камералық музыка

Камералық музыка – музыканың бір жанры; шағын орындаушылар тобына арналып жазылған аспаптық немесе вокальдік шығарма.

Оның концерттік, симф. және театр музыкасынан өзіндік айырмашылығы бар. Алғашқыда камералық музыка санаулы тыңдаушыларға ғана" бөлмелік”, яғни үйде орындалатын музыка ретінде жазылды. Камералық музыка, көбінесе, адамның көңіл күйі мен лирикалық жан сезімін паш етеді. Музыкалық үнін әшекейлей түсетін көркемдік тәсілдерді ұтымды түрде пайдалану – камералық музыканың негізгі бір ерекшелігі." камералық музыка” атауы орта ғасырларда пайда болған. Бұл атау 16 ғасырдың аяғына дейін тек вокальдік жанрға тән болса, 17 ғасырдан аспаптық музыкаға да қолданыла бастады. 16 – 18 ғасырларда шіркеулік музыкадан ажырату үшін камералық музыка термині сарай музыкасына камералық сонатаны шіркеулік сонатадан ажырату үшін қолданылды. Камералық ансамбльдердің соната, трио, квартет, квинтет сияқты қазіргі түрлері Й.Гайдн, В.А. Моцарт, Л.В. Бетховен сынды Вена классик. мектебі өкілдерінің шығарм-ғы арқылы қалыптасты. 18 – 20 ғасырлардағы музыка өнерінің барлық бағыттары камералық музыкадан көрініс тапты. Оған романтиктер де, сондай-ақ, кейінгі композиторлар ден қойды. 18 ғасырдың аяқ кезіндегі, әсіресе, 19 ғасырдағы музыка өнерінен вокальдік камералық музыка елеулі орын алды. Осы кезде аспаптық миниатюра да дамыды. 19 ғасырда камералық музыка әуесқойларының ұйымдары құрылып, көпшілікке арналған концерттер ұйымдастырылып отырды. Ресейде ән мен романс жанры кең өріс алды. Орыс композиторларының камералық ансамбль саласындағы үздік дәстүрлерін К.Я. Мясниковский, С.С. Прокофьев, Д.Д. Шостакович сынды композиторлар ілгері дамытты. Қазақстанда кәсіби камералық музыканың қалыптасуына композиторлар М.Төлебаев" Бесік жыры”, 1942, Е.Г. Брусиловский" Қазақ тақырыбына жазылған ішекті аспаптар квартеті”, 1946, Б.Г. Ерзакович" Қшекті аспаптар квартетіне жазған 5 бөлімді сюита”, 1950, т.б. игі еңбек етті. 1965 жылы Қазақ телевизиясы мен радиосының камералық оркестрі ұйымдастырылды көркемдік жетекшісі әрі дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген арт. М.Б. Серкебаев. Осымен байланысты камералық музыканың көптеген жанрлары мен формалары пайда болып, ол Қазақстан композиторлары шығармашылығының негізгі бір саласына айналды. Бұл салада Брусиловский, А.К. Жұбанов камералық-вокальдік шығармалар, аспаптық пьесалар, Л.А. Хамиди, М.Төлебаев камералық-вокальдік шығармалар, аспаптық ансамбльдерге арналған шығармалар, С.Мұхамеджанов камералық-вокальдік шығармалар, жеке аспаптар мен камералық оркестрге арналған шығармалар, Қ.Қожамияров, Е.Рахмадиев, Ғ.A. Жұбанова, К.Күмісбеков, М.Сағатов, К.Дүйсекеев, Т.Ш. Қажығалиев, Б.Қыдырбекова, А.Е. Серкебаев, Ж. Тұрсынбаев, т.б. композиторлар елеулі еңбек етті.