Back

ⓘ Кабаре – ақын, музыкант, актерлер импровизациялық ойын-сауық көрсететін кафелер мен мейрамханалар атауы. Мұнда өмірдің өзекті мәселесіне арналған өлеңдер оқылып ..




Кабаре
                                     

ⓘ Кабаре

Кабаре – ақын, музыкант, актерлер импровизациялық ойын-сауық көрсететін кафелер мен мейрамханалар атауы.

Мұнда өмірдің өзекті мәселесіне арналған өлеңдер оқылып, әндер айтылған. Бағдарламаны көрермендермен әзілдесіп, олардың көңілін көтеріп отыратын конферансье жүргізеді. Кабаре 19 ғасырдың 80-жылдары Францияда негізінен, Парижде кең таралды. Кабаре сахнасында эстраданың кәсіби артистері де ойын көрсететін. 1908 жылы Мәскеуде" Летучая мышь” және Санкт-Петербургте" Кривое зеркало” кабаресі құрылды. Қазіргі Батыс Еуропа елдерінде кабаре жеңіл, көңіл көтеруден аспайтын эстрадалық бағдарламасы бар мейрамханалар, түнгі клубтар түрінде ұйымдастырылған.