Back

ⓘ Каолиндену – гидротермальдік және экзогендік процестер нәтижесінде өзге минералдар есебінен метасоматоздық жолмен каолин минералдар тобының түзілу процесі. Каол ..




                                     

ⓘ Каолиндену

Каолиндену – гидротермальдік және экзогендік процестер нәтижесінде өзге минералдар есебінен метасоматоздық жолмен каолин минералдар тобының түзілу процесі. Каолинену ылғалды субтропик жағдайында, каолиндік үгілу қыртысындағы гранит, сиенит, т.б. дала шпатты жыныстардың үгілуі кезінде жүреді. Бұл процесте дала шпаттарынан әуелі алюминий тотығына бай серицит түзіледі. Серицит сумен әрекеттескенде гидрослюда мен каолинитке айналады. Тау жыныстарының күшті каолиндену процестері карбон, юра, палеоген, неоген кезеңдерінде қарқынды болған. Каолиндену басты кен іздеу белгілерінің бірі болып табылады.