Back

ⓘ Каламбур – сөз бен сөз тіркестерінің дыбысталуы жағынан ұқсас келуінен туатын стилистикалық оралым, яғни сөз құбылту, сөз түрлендіру. Көбінесе, поэзиялық шығарм ..




Каламбур
                                     

ⓘ Каламбур

Каламбур – сөз бен сөз тіркестерінің дыбысталуы жағынан ұқсас келуінен туатын стилистикалық оралым, яғни сөз құбылту, сөз түрлендіру.

Көбінесе, поэзиялық шығармаларда стилистикалық-эмоциялық әсер беру үшін, ұйқастың шымырлығын күшейту үшін қолданылады. Каламбурдың түрлері, көбінесе, юморлық және сатиралық жанрдағы туындыларда жиі кездеседі. Әлемдік әдебиеттен каламбурдың көптеген мысалдарын табуға болады. Орыс әдебиетінде каламбурлы ұйқастар А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Д.Минаев, В.Маяковский, т.б. ақын-жазушылардың шығармаларында кездеседі. Қазақ ақындарының өлеңдерінен де каламбурлы ұйқастар табылады. Мысалы," Қалқам, жаным, қарағым, бетіңе келмес қарағым” С.Торайғыров," Әлденіп, әлсіз басын күшті иген кез. Босанып бойға еркін күш тиген кез” С.Мұқанов," Аяғыңа қарамай, Басып алдың қара май” М.Әлімбаев, т.б.