Back

ⓘ Каир университеті, 1908 жылы жеке адамдар қаржысымен құрылған. 1925 жылы мемлекеттік университет болып, Халық ағарту министрлігінің қарамағына берілген. 1952 жы ..




Каир университеті
                                     

ⓘ Каир университеті

Каир университеті, 1908 жылы жеке адамдар қаржысымен құрылған. 1925 жылы мемлекеттік университет болып, Халық ағарту министрлігінің қарамағына берілген. 1952 жылғы революциядан кейін мемлекет тарапынан қамқорлық жасалып, студенттер саны өсті. Араб тілінде оқу құралдарын көбейтуге ерекше мән берілді. 1938 жылы Александрия қаласында Каир университетінің филиалы ашылды. 1942 жылы соның негізінде Александрия университеті құрылды. 1955 жылы Хартумда, 1962 жылы әл-Мансура қаласында Каир университетінің филиалдары ашылды. 1971 – 72 оқу жылында университетте 12 факультет болды: филология, заң, 2 сауда факультетіті, әлеуметтік-экономикалық және саяси ғылымдар, жаратылыстану, медицина, араб филологиясы. Каир университетінде оқу, негізінен, араб тілінде жүреді. Ал жаратылыстану-тех. факултьтеттерінде ағылшын тілі, француз тілі тілдерінде де оқытылады. Бұл университетке Суэцтегі Океанарабия институты, Қызыл т-дегі Биология ст., Хелуан астрономия обсерваториясы, Статистика институты, т.б. ғылым-зерт. институттары мен зертханалар қарайды.