Back

ⓘ Кабинеттік жүйе – мектептегі оқу жоспарына сәйкес негізгі пәндер бойынша сабақты арнаулы кабинеттер мен лабораторияларда, шеберханаларда өткізу жүйесі. Кабинетт ..




                                     

ⓘ Кабинеттік жүйе

Кабинеттік жүйе – мектептегі оқу жоспарына сәйкес негізгі пәндер бойынша сабақты арнаулы кабинеттер мен лабораторияларда, шеберханаларда өткізу жүйесі. Кабинеттік жүйемен оқыту жалпы білім беретін орта мектептерде кеңінен қолданылады. Кабинеттер оқу-әдістемелік әдебиеттер, техникалық жабдықтар, үлестірмелі карточкалар, плакаттар, әдебиеттер, карталар, диаграмма, схемалар, т.б. құралдармен жабдықталады. Көрнекті құралдарды қолдана отырып, кабинеттік жүйемен оқыту оқушыларға тиянақты да терең және жүйелі білім беруге мүмкіндік туғызады. Жеке пәндердің мазмұнына сәйкес әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың өз бетімен білімді іздене меңгеруі мен жаттығуын қамтамасыз ететін практикалық жұмыстар жүргізу үшін қажетті құралдар мен аспаптарды, аппараттарды бір орталыққа шоғырландырып пайдалануда кабинеттік жүйе нің маңызы зор.