Back

ⓘ Кано – Кано әулетінің сарай суретшісі 15 ғасырда құрған жапон кескіндеме өнері мектебі. Мектептің негізін қалаған –Кано Масанобу, одан кейінгі басшысы – Кано Мо ..




                                     

ⓘ Кано

Кано – Кано әулетінің сарай суретшісі 15 ғасырда құрған жапон кескіндеме өнері мектебі. Мектептің негізін қалаған –Кано Масанобу, одан кейінгі басшысы – Кано Мотонобу. Бастапқы белестегі Кано үшін 15 ғасыр – 16 ғасырдың 1-жартысы біркелкі түсті монохромдық кескіндеменің сәндік дәстүрлері Оңтүстік Сун дәуірінің қытай кескіндемесінің мұрасын қабылдаған мен көптүстілік полихромдық Тоса мектебімен үйлесімділік тән болады. Ямато-э мектебінің дәстүріне сүйенген Мотонобу, К.Хидзэридің пейзаж жанрындағы, орамадағы, қалқадағы" гүлдер-құстар” суреттері жалпы композицияның шарттылық-сәнділік түсіндірмесі тегіс айдын, ұқыпты түрде салынған сұлбалар, кейбір мәтіндердің құстар, ағаш бұтақтары шындыққа ұқсастығымен ерекшеленеді. Кано мектеп өнерінің өркендеуі Момояма дәуірімен 16 ғасырдың аяғы – 17 ғасырдың басы байланысты. Кано мектебінің ірі өкілдері: К.Эйтоку, К.Мицунобу, К.Санраку, К.Найдзэн, К.Ёсинобу, К.Танъю, К.Сансэцу, К.Кога, К.Кунио, К.Танрэй, т.б.