Back

ⓘ Азия дауысы. 1990 жылы Медеу мұз айдынының кешенінде өтті. Бас жүлдені Өзбекстаннан келген Карс” тобы жеңіп алды. Содан бері Женева Круз Филиппин, 1991жылы, Шах ..




                                               

Музыка фестивалі

Музыка фестивалі – музыка мейрамы. Ортақ тақырып, бірыңғай бағдарламаға біріктірілген, салтанатты түрде өткізілетін концерттер мен театр қойылымдарының жиынтығы. Алғашқы музыка фестивалі 1709 ж. Лондонда ұйымдастырылды. 20 ғасырдың 2-жартысында Еуропаның көпшілік елдерінде музыка өнерін насихаттау және халықаралық мәдени байланысты дамыту мақсатында музыка фестивалін өткізу дәстүрге айналды. Музыкалық форма мазмұны мен өткізілетін мерзіміне қарай бірнеше түрге бөлінеді: дәстүрлі, жекелеген, мемлекетаралық, халықаралық, тақырыптық, монографиялық, классикалық, жанрлық, т.б. Музыкалық формані ...

                                               

Футболдан әлем чемпионаты

Футболдан әлем чемпионаты, ресми атауы ФИФА Әлем Кубогы - футболдан халықаралық жарысы. Әлем Чемпионаты ФИФА-ның ұйымдастыруымен өткізіледі, және оған ФИФАға мүше барлық ерлер құрама командалары қатыса алады. Финалдық турнирлер 4 жылда 1 рет болады. Бірақ іріктеу турнирлерін қосқан 3 жылға дейін созылады. 2010 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне барлығы 204 құрама қатысты. 4 жыл сайын өтетеін әлем чемпионатының финалдық турниріне барлығы 32 құрама қатысады. Әлем чемпионатын өткізуші ел алдын ала белгіленіп қояды. Әлем чемпионатының финалдық турнирлері 1930 1942 мен 1946 жылдары екінш ...

                                               

Мейрамгүл Ақшабекқызы Алепарова

Мейрамгүл Ақшабекқызы Алепарова - театр артисті. Ол 1985 жылы Алматы мемлекеттік театр және сурет өнері институтының "Драма театры және кино актеры" мамандығын және 2002 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Семей университетінің "Қазақ тілі және әдебиеті" мамандығын бітірген. Темірбек Қараұлы Жүргенов атындағы өнер академиясының "Сахна тілі" кафедрасында көп жыл ұстаздық етіп, 1996 жылы Ленинградтағы Н.К. Черкасов атындағы мемлекеттік театр, музыка және киноматография институтының "Сахна тілі және тіл мәдениеті" біліктілігі бойынша білімін жетілдірді. Әнші-вокалистердің негізгі мамандық бойынша ұст ...

Азия дауысы
                                     

ⓘ Азия дауысы

1990 жылы Медеу мұз айдынының кешенінде өтті. Бас жүлдені Өзбекстаннан келген" Карс” тобы жеңіп алды.

Содан бері Женева Круз Филиппин, 1991жылы, Шахназ Сүймер Түркия, 1992жылы, Сара Моңғолия, 1993 жылы, Соябей Түркия, 1994жылы, Барт Бисли АҚШ, 1995 жылы, Бауыржан Исаев Қазақстан, 1996 жылы," АВ-3” Индонезиялық топ, 1997 жылы сияқты өнерпаздар мен өнер ұжымдары бас жүлдені иеленді. 1993 жылы" Азия даусы” ФИДОФ-тың Халықаралық фестивальдар ұйымдастыру федерациясы мүшелігіне қабылданды. 1994 жылы Канн Франция қаласында өткен әлемдік шоу-бизнесте арнаулы жүлдеге ие болды.

1996 жылдан бастап" Азия даусы” байқауы аясында Қазақстан әндерінің байқауы тұрақты өтеді. Оған арналған" Алтын домбыра” жүлдесін алғашқы жылы М.Жүнісова мен Н.Есқалиева, 1997 жылы Р.Рымбаева мен М.Жүнісова жеңіп алды.

1997 жылы" Азия даусы ” халықаралық" Интернет-сервер” ақпарат арнасына қосылды." Азия даусы” конкурсының бас жүлде, алтын, күміс және қола бәйгесіне қоса Алматы қаласының мэрі, демеушілер тағайындаған әртүрлі ынталандыру сыйлықтары бар. Бірінші конкурстан бастап" Азия даусының” шақыруымен Патрисия Каас,Пупо, Тото Кутуньо, Джимми Саммервиль, Митхун Чакраборти, Сонер Ариджа, А.Пугачева, Ф.Киркоров, В.Леонтьев," Бони-М”," Хаддуэй” топтары сияқты әлемдік эстрада майталмандары Медеу мұз айдыны сахнасында конкурстан тыс өнер көрсетті.

1996 жылы" Азия даусына” бес құрлықтың өкілі қатысты.

1997 жылғы конкурстың ашылу салтанатында Еуроазиялық фестивальдар ассоциациясының ұйғарымымен ғарыштағы бір жарық жұлдызға" Азия даусы ” аты берілгені жайлы Швейцариядан жіберілген регистр конкурс директорына тапсырылды.

1998 жылғы тоғызыншы конкурсқа әлемнің төрт бұрышынан өтініш білдіргендерден таңдап алынған 20 елдің 21 өнерпазы қатысты. Бас жүлдені Италиядан келген Лука Сене жеңіп алды.

1998 жылғы конкурс қорытындысында ФИДОФ-тың халықаралық өнер фестивальдерін кәсіби жоғары дәрежеде насихаттағаны үшін журналистерге жыл сайын берілетін арнайы белгісі" Азия даусының” баспасөз хатшысы Ф.Бегенбаеваға тапсырылды.

                                     
  • ақпарат министрлігі, Хабар агенттігі мен Халықаралық Азия дауысы фестивалі. Азия Дауысы Қазақ энциклопедиясы Астанада ХVІІІ республикалық Жас қанат
  • болды. 1999 жылы Халықаралық Азия дауысы конкурсында ең үздік композиторы атағына ие болды. Халықаралық Азия дауысы - Қазақстан әндері фестивалінің
  • музыкалары ұлттық нақышымен ерекшеленсе, 1993 жылы Аустрияда жарық көрген Азия дауысы Voice of Asia атты дискісі айрықша атап өтуді талап етеді. Аталмыш
  • жүлдесі, Түркияда өткен Памукале халықаралық фестивалінің дипломы, Азия - дауысы - 96 халықаралық фестивалінің Гран - приі. Бауыржан Исаев Құрманғазы атындағы
  • Азия дауысы байқауының үздігі Дэнс - класс және Просто Так шоу - балеттерін біріктірген би мектебі жетек. Е.Рудикова Әнші балапан және Азия дауысы
  • 2003 2000 жылы Жас қанат әншілер байқауының 1 - ші жүлдесін, сол жылы Азия дауысы халықаралық байқауындағы Қазақстанның жаңа әндері байқауының 3 жүлдесін
  • факультетін бітіріп шықты. Алғашқы шығармашылық қызмет жолы 1990 жылы Азия Дауысы ән байқауында режиссердің көмекшісі қызметінен басталды. Алғашқы киім
  • қабырғасында жүріп ән айтып халыққа таныла бастаған. 2000 жылы Жас қанат Азия дауысы байқауларына қатысып өз бағын сынап, жақсы жетістіктерге жете бастады
  • Шоу - Транзит - 93 Новосібір қаласы өнер байқауларының лауреаты. Сондай - ақ Азия дауысы - 96 байқауының дипломанты. 1983 ж. Арыстағы теміржолшылардың Мәдениет
  • суреттерінен алған мысалы, Таңбалы, Бұғытас Жартас таңба суреттерінен, т.б. Азия дауысы фестивалінің негізгі рәміздік белгісі - Күн тәңірісі Таңбалы Жартас
  • Бұқара - 90 Шәмші Қалдаяқов атындағы республикалық. байқаудың 1993 Азия дауысы - 95 Алтын диск - 97 Стамбұл Франциядағы Достық әндері фестивалінің

Users also searched:

...