Back

ⓘ Калән мұнарасы - Орталық Азия архитектурасының көрнекті ескерткіштерінің бірі, Бұхарадағы мұнара мен мешіттің атауы. Калән мұнарасы алғаш Қарахан әулетінен шыққ ..




                                     

ⓘ Калән мұнарасы

Калән мұнарасы - Орталық Азия архитектурасының көрнекті ескерткіштерінің бірі, Бұхарадағы мұнара мен мешіттің атауы. Калән мұнарасы алғаш Қарахан әулетінен шыққан Арслан ханның әмірімен 12 ғасырда тұрғызылды. Бұл көркемдігі жағынан өте сұлу жасалған мұнара – ағаштан салынған алып кешеннің бір бөлігі. Кейін ағаш мұнара құлап, жанындағы мешітті басып қалған. Оның орнынан шақпақ кірпіштен, ғаныш лаймен ұстастырып қаланған қазіргі мұнараның өте берік болу жағы қарастырылған. Биіктігі 60 м мұнараның 10 м-дейін жер астына жіберілген. Мұнараның сырты айналдыра тегістелген қалақ кірпіштермен көмкеріліп, нақышты жазуы бар түрлі түсті плиткалармен өрнекті белдеу жүргізілген. Мұнара жанындағы Калән мешіті өзінің аумақтылығымен, ауласындағы күмбездер галереясының нақыштылығымен көз тартады. Калән мұнарасы мен мешіт Мір Араб медресесімен қосылып Бұхара қаласының орталық ансамблін құрайды." КАЛЕВАЛА” – карел-финн халқының эпосы. Балтық жағалауындағы финн тайпаларында пайда болып, кейінірек карел халқына тараған." Калән” бірнеше жырлардан тұрады. Алғаш зерттеп, оның тұтас жыр екендігін анықтаған және біріктіріп бастырған Э.Ленрот болды." Күлән” эпосында халыққа гүл, егін егуді үйреткен ақылды Вяйнямейнен, шебер ұста Ильмеринен, ер жүрек батыр Лемминкяйнен, өз қожасы көрсеткен азапқа төзбей, күш жұмсауға көшкен Куллерволар арқылы карел-финн халқының тарихы мен салт-санасы, арман-мүддесі бейнеленді." Калән” орыс, ағылшын, неміс, француз, швед, жапон, т.б. халықтардың тіліне аударылған.