Back

ⓘ Кіші қаратау жер асты су алабы, Жамбыл облысы Сарысу және Талас аудандарының аумағында орналасқан. Жер асты суын алғашқы зерттеулер 1946 – 47 ж. басталған. 1947 ..




                                     

ⓘ Кіші қаратау жер асты су алабы

Кіші қаратау жер асты су алабы, Жамбыл облысы Сарысу және Талас аудандарының аумағында орналасқан. Жер асты суын алғашқы зерттеулер 1946 – 47 ж. басталған. 1947 – 92 ж. Оң түстік Қазақстан геология басқармасы Кіші Қаратауда фосфор кен орындарының ашылуына байланысты шахталар жүйесіне құйылатын жер асты суының көлемін анықтау және ауыз сумен қамтамасыз ету үшін кең көлемді гидрогеологиялы жұмыстар жүргізді. Жер асты суы кембрий-ордовик кезеңдерінің карстық-жарықшақты әктастарында таралған. Сулы қабаттың қалыңдығы 40 – 300 м. Осы тереңдікке бұрғыланған гидрогеология ұңғымалардан тәулігіне 2.2 – 86.4 мың м3 су шығады. Жер асты суының мол көзі тектоникалық жарылымдарда қалыптасқан. Өзен аңғарларында және тектоникалық жарылымдарда көптеген қайнар бұлақтар бар. Олардан тәулігіне 4.3 – 34 мың м3 су шығады. Жер асты суы тұщы, минералдары 1.0 г/литрлерден аспайды, химиялық құрамы гидрокарбонатты-кальцийлік түрге жатады. Алапта 10 кен орны жете зерттелген. Оның ішінде Бүркітті, Көктал, Майтөбе, Тамды су кен көздері Қаратау, Жаңатас қалаларын, т.б. елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге пайдаланылуда. Жер асты суының пайдалануға болатын тәуліктік жалпы қоры 216 мың м3 көлемдей деп болжанған.