Back

ⓘ КАЛЬЦИЙ ҚОСЫЛЫСТАРЫ – кальций элементі түзетін тұрақты химимиялық қосылыстар. Калций қосылыстары негізінен екі топқа бөлінеді: кальцийдің органикалық қосылыстар ..




                                     

ⓘ Кальций қосылыстары

КАЛЬЦИЙ ҚОСЫЛЫСТАРЫ – кальций элементі түзетін тұрақты химимиялық қосылыстар. Калций қосылыстары негізінен екі топқа бөлінеді: кальцийдің органикалық қосылыстары және кальцийдің бейорганикалық қосылыстары. Кальцийдің органикалық қосылыстарының негізгі түрлері CaHal және CaR2; Олар Циглер-Натта катализаторларының құрамына кіреді. Мысалы, CaJ және CaHal – полимерлеу процесінің бастаушылары. Кальцийдің бейорганикалық қосылыстарына – кальцийдің галогенидтері, оксиді мен гидроксиді, карбиді, силикаттары, сульфаты, фосфаттары, алюминаттары, бораттары, вольфраматтары, гипохлориді, нитраты, карбонаты, цианамиді, т.б. жатады. Кальций галогенидтері – түссіз кристалдар. Кальций хлоридін кальцийді және оның қорытпасын алу, газдар мен сұйықтарды кептіру, бетонның қатаюын тездету үшін қолданады. Оның сулы ерітіндісі – суытқыш агент, антифриз, аэродромның ұшу жолдары мен темір жол рельстерін мұздан сақтау үшін, аллергиялық ауруларға және қан тоқтатуға қажет дәрілік зат ретінде қолданылады. Кальций бромидінің концентрлі ерітінділері ауаны суыту және конденсациялауда жылу тасымалдағыш ретінде, бұрғылау ерітінділерінде қолданылады. Кальций фториді – арнаулы шынылар мен эмальдардың, қыштардың құрамдас бөліктері, оптикалық және лазерлік материал, HF алудағы шикізат. Кальций оксиді сөндірілмеген әк – сумен қарқынды әрекеттесіп кальций гидроксидін Ca2 түзеді. Кальций оксидін 900 – 1000°С-та күйдіріп алады, CaNO3-ті ыдыратып ерекше таза CaO алуға болады. CaO хлорлы әк, сода, кальций карбидін, гидроксидін алуға қолданылады. Ca2 байланыстырғыш материал, қант өндірісінде тазартқыш ретінде, топырақтың қышқылдығын азайту үшін, суды жұмсарту үшін, шыны өндірісінде шихтаның құрауышы ретінде қолданылады. Кальций карбиді – түссіз кристалл, кейде түсі ашық қоңырдан қараға дейін болады. Оны кальций оксидін доғалық пештерде көміртекпен тотықсыздандырып алады. Кальций карбиді кальций цианамиді мен ацетилен өндіру үшін қолданылады. Кальций силикаттары: метилсиликат CaSіO3, пиросиликат Ca3Sі2O7 ортосиликат Ca2SіO4, сондай-ақ 30-ға жуық қышқыл және негіздік гидраттары бар. Олар жалпы гидросиликаттар деп аталады. Гидросиликаттар – силикаттық бетонның цементтеуші құраушысы. Силикаттар қыш өнеркәсібінде, отқа төзімді заттарды, кәрлен, жылтыратпа өндіруде шихтаның құрауышы, лак-бояу материалдарының толтырғыштары ретінде пайдаланылады. Кальций фосфаттары фосфорит, апатит, гидроксилапатит сияқты минералдардың, сүйектің құрамында болады. Ортофосфаттар Ca32 мал мен құстарды қоректендіруге қолданылады. Ca32 ұнтағы қышқыл топырақтарға тыңайтқыш ретінде, қант өнеркәсібінде қолданылады. Суперфосфаттар фосфор тыңайтқышы ретінде, ал дигидрофосфаттар Ca2 нан жабуда қамырға қосылады. Полифосфат Ca2 оптикалық шынылар өндірісінде пайдаланылады. Кальций гипохлориді Ca2 – түссіз кристалл. Ол маталар мен қағазды ағарту үшін, газсыздандыру үшін, залалсыздандыратын зат ретінде қолданылады.