Back

ⓘ КАЛИЙ ТЫҢАЙТҚЫШТАРЫ – өсімдік қорегі ретінде қолданылатын құрамында калийі бар минералды заттар. Калий тыңайтқыштары табиғи калий тұздарынан алынады. Алғашқы ка ..




                                     

ⓘ Калий тыңайтқыштары

КАЛИЙ ТЫҢАЙТҚЫШТАРЫ – өсімдік қорегі ретінде қолданылатын құрамында калийі бар минералды заттар. Калий тыңайтқыштары табиғи калий тұздарынан алынады. Алғашқы калий тұздарының ірі кен орны 19 ғ-дың 40-жылдары Штасфуртта табылды. Кейінірек Франция, Канада, АҚШ-та калий тұздары ашылды, хлорлы калий, калий селитрасы, калий сульфаты және т.б. өндіріле бастады. Калий тыңайтқыштары суда жақсы ериді, өсімдіктер тез сіңіреді, түрлі ауруға төзімділігін күшейтеді және дақылдар өнімділігін арттырады. Картоп, қант қызылшасын, көкөніс, темекі дақылдарына Калий тыңайтқыштары көбірек қажет. Калий картоп құрамында крахмалдың, тамыр-түйнекті дақылдарда қанттың, жемшөпте протеин мөлшерін арттырады. Калий тыңайтқыштарын топырақтың құрамына, тыңайтылатын дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне, тыңайтқыштардың химиялық қасиеттеріне байланысты әр түрлі мөлшерде шашады. Негізгі тыңайтқыш ретінде күзде не көктемде жер жырту не культиваторлау кезінде қолданады. Қант қызылшасын, картоп, жүгері және кейбір көкөніс дақылдарын Калий тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіреді. Бұл кезде Калий тыңайтқыштарын азот және фосфор тыңайтқыштарымен бірге қатар аралықтарына 10 – 12 см тереңдікке шашады. Қазақстанның Батыс Қазақстан облысы/Батыс Қазақстан облысында, Қаратауда, т.б. жерлерде Калий тыңайтқыштарының мол табиғи қорлары бар.