Back

ⓘ Кішітөбе – орта ғасырдағы қоныс. Түркістан облысы Отырар алқабының шет жағында Солтүстік-шығысқа қарай орналасқан. 1970 жылы Отырар археология экспедициясы зерт ..




                                     

ⓘ Кішітөбе

Кішітөбе – орта ғасырдағы қоныс. Түркістан облысы Отырар алқабының шет жағында Солтүстік-шығысқа қарай орналасқан. 1970 жылы Отырар археология экспедициясы зерттеген. Қазіргі аумағы 40х40 м, биіктігі 3 м, ұзындығы 60 м-ге созылып жатқан тікбұрышты төбешік. Оңтүстік-шығыс жағында жазық алаңқай бар. Қоныстан құм, көзе, кесе саптыаяқ, тостаған, құты секілді ыдыс сынықтары табылған. Олар Қостөбеден жиналып алынған заттарға ұқсас. Табылған заттар Кішітөбе тұрғындары б.з. 4–8 ғасырларда өмір сүргенін дәлелдейді.