Back

ⓘ Капустин Яр. Полигон 1949 жылы құрылған. Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының батыс аймақтары Нарын құмы мен Ресей Федерациясының Астрахан, Волгоград облысы ..




Капустин Яр
                                     

ⓘ Капустин Яр

Полигон 1949 жылы құрылған. Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының батыс аймақтары Нарын құмы мен Ресей Федерациясының Астрахан, Волгоград облысының шығыс бөліктерін қамтиды. Бұл полигонда, негізінен, ұшақтар мен ракеталардың ядр. жарылыс заттарын тасымалдау әдістері зерттелген." Капустин яр” ядролық полигонының орт. және ұшу-сынақ аймақтарын қоса есептегендегі жалпы аумағы 6.5 млн. га, оның ішінде Батыс Қазақстан облысындағы аумағы 1.5 млн. га. Полигонда әр түрлі қару-жарақ жер бетінде және әуеде сынақтан өткізілген. Әр зарядтың қуатт. 10 – 300 килотонна, жарылу биіктігі 5.6 – 300 км-ге жеткен. Осының салдарынан ауаға 30 мың тоннаға жуық аса зиянды улы заттар таралған. Сынақ аймағын радиациялық тексеруден өткізгенде, ондағы радиоактивтік заттардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған.

                                     

1. Зияндылығы

Зиянды радиоактивтік заттар топырақты, суды, егістік жерлерді және мал жайылымдарын ластаған." Капустин яр” ядролық полигонындағы жергілікті тұрғындарды мед. тексеруден өткізгенде, психоз ауруына шалдыққандары әсіресе, балалардың облыстағы орташа деңгеймен салыстырғанда 2.3 есе, ал республика бойынша – 2.1 есе жоғары болған. Әсіресе, қатерлі ісік аурулары, өкпе аурулары, иммундық жүйелер мен қан құрамының бұзылуы басым. Мысалы, 1980 – 89 жылықатерлі ісік ауруына шалдыққандардың саны 1972 жылмен салыстырғанда 4 есе көбейген.