Back

ⓘ Кадр, кинокадр – 1 киноға түсірілген нысан қозғалысының бір сәтін немесе орнықты қалпын бейнелейтін кинопленкадағы жеке сурет. Кадрдың форматы кино түсіру аппар ..




                                     

ⓘ Кадр

Кадр, кинокадр – 1) киноға түсірілген нысан қозғалысының бір сәтін немесе орнықты қалпын бейнелейтін кинопленкадағы жеке сурет. Кадрдың форматы кино түсіру аппаратының кадрлық рамкасымен анықталады: 70 мм-лік кең форматты кинофильм үшін –51.5 0 23 мм, 35 мм-лік кең экранды фильм үшін – 220 0 18.6 мм, 35 мм-лік кәдімгі кинофильм үшін – 22 0 16 мм, 8 мм-лік суперфильм үшін – 5.7 0 4.2 мм. Кино түсіру ісінде кадр мөлшерін дәл анықтау – оның көркемдік композициясын табудағы шешуші фактор; 2) телевизиялық кадр – бір дүркіндік телевизиялық толық кескін. Ол жарты кадр деп аталатын, толық емес екі кескіннен тұрады; 3) фотографиялық кадр – белгілі бір өлшеммен түсірілген нысанның жеке дара кескіні.

                                     

1. Кадр

Кадр франц. cadre – жеке құрам – 1) кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың маманданған кәсіби қызметкерлерінің негізгі штаттағы құрамы; 2) мемлекеттің Қарулы Күштеріндегі нақты қызметтегі командалық және қатардағы құрам. Ел өміріндегі басты саяси және экономикалық мәселелердің дұрыс шешімін табуы – кадрдың біліміне, тәжірибесіне, жеке қасиетіне, сондай-ақ, оларды тиімді орналастырып, пайдалануға байланысты. Біздің елімізде кадрды түрлі оқу орындарында арнайы оқытып, даярлау жан-жақты жолға қойылған; қ. Білім беру.