Back

ⓘ Калий қосылыстары – калий элементін түзетін тұрақты химиялық қосылыстар. Металл күйіндегі калий мен натрий өз-ара ери араласып, сұйық күйдегі балқыма түзеді, ол ..




                                     

ⓘ Калий қосылыстары

Калий қосылыстары – калий элементін түзетін тұрақты химиялық қосылыстар. Металл күйіндегі калий мен натрий өз-ара ери араласып, сұйық күйдегі балқыма түзеді, ол атом реакторында жылу тасымалдаушы, титан өндірісінде тотықсыздандырғыш ретінде қолданылады. Калий қосылыстарының арасында тұздары маңызды, бәрі дерлік тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Калий селитрасы KNO3 – өте тиімді тыңайтқыш, жақсы тотықтандырғыш, оқ-дәрі, қопарғыш заттар әзірлеуде пайдаланылады. Бромды калий фотосурет өңдеуде негативті сақтау үшін, йодты калий медицинада химиялық реактив ретінде, фторлы калий металлургиялық флюс құрамында және органикалық қосылысқа фторды енгізу мақсатында, көмір қышқылды калий шыны мен сабын өндіруде, калий фосфаттары жуғыш зат құрамдасы ретінде, калий хлораты сіріңке мен пиротехника өндірісінде, кремний фторлы калий минералдардан сирек жер металын алу кезіндегі қоспа ретінде, цианды калий алтын өндіруде, калий сілтісі таза калийді, оның тұздарын алуда, аккумулятор жасауда қолданылады.