Back

ⓘ Каламиттер тұқымдасы – алып қырықбуын тәрізді, сабағы бунақты, жойылып кеткен өсімдіктер. Каламиттер тұқымдасына жататын өсімдіктердің көпшілігінің сыртқы түрі ..




                                     

ⓘ Каламиттер тұқымдасы

Каламиттер тұқымдасы – алып қырықбуын тәрізді, сабағы бунақты, жойылып кеткен өсімдіктер. Каламиттер тұқымдасына жататын өсімдіктердің көпшілігінің сыртқы түрі ағашқа ұқсас, биіктігі 20 метрге дейін. Каламиттердің анатомиялық құрылысының қырықбуындарға қарағанда айырмашылығы – мұнда сирек күшті дамыған, бірақ қырықбуындардағыдай діңінің ішінде қуыс болады. Спорофилді өркендері изоспоралы немесе гетероспоралы болып, бұтағының ұшында жетіледі. Каламиттер тұқымдасының негізгі туысы – каламит. Бұлар тас көмір кезеңінің басында пайда болып, пермьнің аяғы триастың басында жойылып кеткен. Каламиттер тұқымдасына жататын өсімдіктер тропиктік аймақтарда, әсіресе, батпақты жерлерде кең тараған және мөлшері ірі болған. Каламиттердің девон-пермь биостратиграфиясын анықтауда маңызы зор.