Back

ⓘ Азия ойындары, Азияда – төрт жыл сайын 1951 жылдан бері Азия елдерінің барлығында өткізілетін спорт жарысы. Ойындардың жалпы ұзақтығы – ашылу және жабылу салтан ..




                                               

2009 Азия Жекпе-жек Ойындары

1шкі Азия Жекпе-жек Ойындары Тайланд астанасы Бангкокта 2009 жылы Тамыздың 1 мен Тамыздың 9 аралығында спорттың 9 түрінен өтті. Тайландтағы саяси дағдарыс және 2009жылғы Шошқа тұмауы себептерінен Ойынды Ұйымдастыру комитеті және Тайландтың Ұлттық Олимпиада Комитеті бұл ойындарды оның алғашқы жоспарланған уақыты Сәуірдің 25 мен Мамырдың 3 аралағынан Тамыздың 1 - 9 арасына ауыстырды.

                                               

Баскетбол жазғы Азия ойындарында 2014

Баскетбол бойынша жарыстар Жазғы Азия ойындары 2014-те 36 жүлде ұсынды, олар үшін сыйлықтар берілді. Олар 20 қыркүйектен 3 қазанға дейін 2014 жылы өтті. Инчхондағы Самсан халықаралық аренасының сыйымдылығы 7406 адам, сондай-ақ Хвацеун, 5.158 адам болатын Хвасон спорт комплексі.

                                               

Футболдан Азия Кубогы 2019 (финал)

2019 жылғы Азия чемпионатының финалдық матчы 1 ақпан күні Абу-Дабидегі "Зайед Спорт Сити" стадионында өтті. Жапония және Катар құрамалары алтын жүлде үшін таласты. Катар құрамасы 3:1 есебімен жеңіске жетіп, тұңғыш рет Азия чемпионы атанды.

                                               

Футболдан Азия Кубогы 1972 (финал)

Футболдан 1972 жылғы Азия кубогының финалы 19 мамырда Бангкокта өтіп, Иран футболшылары 1:0 есебімен Корея Республикасын ұтты. Бұл турнир тарихындағы тұңғыш финалдық матч. Тайландтағы чемпионат бірінші рет топтық және плей-офф кезеңдерінен құралды. Жартылай финалда жеңіске жеткен екі құрама финалға жолдама алды.

                                               

Футболдан Азия Кубогы 2015 (финал)

Футболдан Азия Кубогы 2015 - 2015 жылғы футболдан Азия чемпионатының шешуші ойыны. 2015 жылы 31 қаңтар күні Аустралияның Сидней қаласында өтіп, алаң иелері Оңтүстік Корея құрамасын 2:1 есебімен ұтты. Осылайша Аустралия құрамасы екі бірдей құрлықта чемпион болған жалғыз команда атанды. Аустралия бұған дейін де 2004 жылғы ОФК Ұлттар кубогында Океания чемпионы атанған-ды.

                                               

Спорттық гимнастика

Спорттық гимнастика – спорттың негізгі түрлерінің бірі; еркін жаттығулар, таянып секіру және снарядтардағы жаттығуларды қамтиды. Қазақстанда спорттық гимнастика 1920 жылдардың аяғында дами бастады. Гимнастшыларды даярлауда В.Рякшин, А.Ершов, Г.Мещерский, Қ.Қуанышбаев, И.Муллаев, В.Байдин, т.б. жаттықтырушылар көп үлес қосты. Спорттық гимнастикадан Н.Ким – Олимпия чемпионы, әлем кубогының жеңімпазы, бірнеше дүркін КСРО чемпионы, Н.Ильенко – КСРО-ның абсолют чемпионы және КСРО құрама командасының құрамында әлем чемпионы, Ю.Цапенко – КСРО құрама командасының құрамында Олимпиада ойындардың күм ...

                                               

Футболдан Азия Кубогы 2007 (финал)

Футболдан 2007 жылғы Азия кубогының финалдық матчы 29 шілдеде Джакарта қаласында өтіп, Ирак және Сауд Арабиясы футболшылары кездесті. 73 минутта Юнис Махмуд соққан жалғыз гол Ирак құрамасына жеңіс әперді.

                                               

Олимпиада ойындарын қабылдаған қалалардың тізімі

1896 жылы қазіргі заманғы Олимпиада ойындары басталғыннан бері 27 рет жазғы Олимпиада ойындары 22 әр алуан қалаларда және 21 рет қысқы Олимпиада ойындары 18 әр алуан қалаларда болып өтті.Және де үш рет жазғы және екі рет қысқы Олимпиада ойындары соғыстың кесірінен өткізілген жоқ, атап айтқанда: 1916 жылы Берлинде, 1940 жылы Токио мен Саппорода, және Лондонда мен Кортина дАмпеццода. Халықаралық Олимпиада комитетінің таңдауы бойынша келешектегі Олимпиада ойындарын төрт қала:2014 жылы қысқы олмпиаданы Сочи, 2016 жылы жазғы Олимпиаданы Рио-де-Жанейро, 2018 жылы қысқы Олимпиаданы Пхенчхан және ...

Азия ойындары
                                     

ⓘ Азия ойындары

Азия ойындары, Азияда – төрт жыл сайын 1951 жылдан бері Азия елдерінің барлығында өткізілетін спорт жарысы. Ойындардың жалпы ұзақтығы – ашылу және жабылу салтанатын қоса алғанда, кем дегенде 7 және 16 күннен артық емес. Ойын Халықаралық Олимпиада комитетінің қадағалауымен Азиялық Олимпиада кеңесімен реттеледі. Азия ойындарының эмблемасы, туы, ұраны мен әнұраны осы кеңес меншігі болып табылады.

                                     

1.1. Тарихы Азия ойындарының пайда болуы

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Азияның бірнеше елі тәуелсіздік алды. Көптеген жаңа ел өзара түсіністікті нығайтуға көмектесетіндей жарыстардың жаңа түрлерін жасағысы келді. 1948 жылғы тамыз айында Лондонда ХІV Олимпиада ойындарының барысында Үндістан Олимпиада комитеті өзінің басшысы Гуру Дутт Сонди тұрғысында Азия спорт командаларының басшыларына "Азия Атлеттік Федерациясын" құруға келіскен Азия ойындарын өткізу идеясын талқылауды ұсынды. 1949 жылы ақпанда "Азия ойындарының федерациясы" құрылды. Бірінші Азия ойындарын Нью-Делиде өткізуге шешім қабылданды.

                                     

1.2. Тарихы Федерацияның құрылуы

1962 жылы федерацияда Тайвань және Израильді қабылдау мәселесі бойынша дау туындады. Ойынды қабылдаушы Индонезия аталған елдерді федерацияға қабылдауға қарсы болды. 1970 жылы Оңтүстік Корея Солтүстік Корея тарапынан болатын қауіпке байланысты ойындарды жүргізе алмады, ойындар Корея қаражатын пайдаланып Таиланд астанасы – Бангкокта өткізілді. 1977 жылы Пәкістан Бангладеш пен Үндістан арасындағы қақтығыс салдарынан ойындарды өткізе алмады. Ойындар тағы Бангкокқа ауыстырылды. Осы оқиғалардан кейін Азияның Ұлттық Олимпиада комитеттері Азия ойындары федерациясының жарғысын өзгерту туралы шешім қабылдады. "Азиялық Олимпиада кеңесі" деп аталған жаңа бірлестік құрылды. Осы кеңес 1986 жылдан бері ойындарды қадағалайды. Тайвань федерацияға қабылданды, бірақ АОК ХОК стандарттарына сәйкес оны "Қытай" Тайпэй деп атайды. Израиль шығарылып тасталып, еуропалық жарыстарға қосылды.

                                     

1.3. Тарихы Кеңейтілуі

1994 жылы бірнеше елдің қарсы болуына қарамастан АОК бұрынғы кеңес республикаларын ойындарға шақырды. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Тәжікстан.

Ең бірінші және екінші қысқы Азия ойындарын жапон мемлекеті қатарынан екі рет 1986-1990 жылдары өткізді. Алғашқыда спорттың 7 түрінен жарыстар болса, төрт жылдан кейін спорттың 6 түрінен өткізді. Бұдан кейін Қытай мемлекетінің Харбин қаласында 1996 жылы спорттың 7 түрінен 10 мемлекет қатысқан ойындар ұйымдастырылды. Төртінші Азиада алауы 1999 жылы Корей елінің Кангвон қаласында тұтанды. Бесінші Азиада ойынының жалауын желбірету 2003 жылы Жапон мемлекетінің еншісіне тиді. Азиада ойындарын өткізу мәртебесі Қытай еліне 2007 жылы қайта оралды. Енді міне, жетінші алау 2011 жылы Қазақ елінде маздады.

2007 жылы Аустралия АОК-ға кіруден бас тартты, өткені ол Океания ұлттық олимпиадалық комитеттеріне мүше ал 2015 жылдан Тынықмұхиты ойындарына қатысады.

2010 жылғы Азия ойындарында бірінші рет крикет таныстырылды.



                                     

2. Жалпы медальдар санағы

Ойындар тарихында бүкіл қатысушы 46 ұлттық олимпиада комитеттерінің 43-і кем дегенде жарыста бір медаль жеңіп алған, бір де бір медаль ала алмаған үш мемлекет қалды:Бутан, Мальдивтер және Шығыс Тимор әлі бір медаль ұтып ала алмаған. 37 ұлт кем дегенде бір алтын медаль жеңіп алған тек Жапония мен Үндістан ғана әрбір Азия ойындарында кем дегенде бір алтыннан ұтып алған, ал ойындар тарихында Жапония мен Қытай ғана жалпы чемпиондар атанған.

                                     

3. Спорт түрлерінің тізімі

  • Байдаркада және каноэде есу - 1990 жылдан
  • Ат спорты - 1982 - 1986 жылдар, 1994 жылдан
  • Ушу - 1990 жылдан
  • Бейсбол - 1994 жылдан
  • Велоспорт - 1951 жыл, 1958 жылдан
  • Фехтование - 1974 - 1978 жылдар, 1986 жылдан
  • Самбо - 2014 жылдан
  • Ату - 1954 жылдан
  • Қазіргі бессайыс - 1994 жыл, 2002 жыл
  • Карате - 1994 жылдан
  • Шахмат - 2006 жылдан
  • Кабадди - 1990 жылдан
  • Теннис - 1958 - 1966 жылдар, 1974 жылдан
  • Сепактакрау - 1990 жылдан
  • Баскетбол - әрқашан
  • Желкенді спорт - 1970 жыл, 1978 жылдан
  • Гимнастика - 1974 жылдан
  • Жүзу - әрқашан
  • Футбол - әрқашан
  • Академиялық есу - 1982 жылдан
  • Софт-теннис - 1994 жылдан
  • Софтбол - 1990 жылдан
  • Тэквондо - 1986 жылдан
  • Бильярд - 1998 жылдан
  • Күрес - 1954 жылдан
  • Сквош - 1998 жылдан
  • Үстел теннисі - 1958 - 1966 жылдар, 1974 жылдан
  • Гандбол - 1982 жылдан
  • Жеңіл атлетика - әрқашан
  • Боулинг - 1978 жыл, 1986 жылдан
  • Дзюдо - 1986 жылдан
  • Бокс - 1954 жылдан
  • Регби-7 - 1998 жылдан
  • Көгалдағы хоккей - 1958 жылдан
  • Ауыр атлетика - 1951 - 1958 жылдар, 1966 жылдан
  • Садақ ату - 1978 жылдан
  • Волейбол - 1958 жылдан
  • Крикет - 2010 жылдан
  • Спорт биі - 2010 жылдан
  • Бадминтон - 1962 жылдан
  • Бодибилдинг - 2002 - 2006 жылдар
  • Триатлон - 2006 жылдан
  • Гольф - 1982 жылдан
  • Су полосы
                                     
  • Жазғы Азия ойындары 2006 немесе XV Азия ойындары Доһа да Катар 1 - і мен 15 желтоқсан аралығында 2006 жылы өткізілді. Ойындарға 9520 спортшы қатысты. 424
  • IX Азия ойындары Нью - Делиде 19 қарашадан 4 желтоқсанға дейін 1982 жылы өткізілді. Бұл Индия астанасында өткен екінші Азия ойындары Делиде I Азия ойындары
  • V қысқы Азия ойындары Аомориде Жапония 1 мен 8 ақпан аралығында 2003 жылы болды. Бұл Жапонияда өткен үшінші қысқы Азия ойындары осыға дейін екі рет
  • II қысқы Азия ойындары Саппорода Жапония 1990 жылы 9 - ы мен 14 - ші наурыз аралығында өтті. Саппоро екінші рет қатарынан Қысқы Азиаданы қабылдады, Үндістан
  • I Азия ойындары Жазғы Азия ойындары 1951 Нью - Делиде 4 наурыз бен 11 наурыз арасында 1951 жылы өткізілді. Бұл бүкіл Азиядағы спортшылар арасында алғаш
  • Азия ойындары 1962 жыл IV Азиада ретінде де белгілі 24 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында 1962 жылы Индонезия астанасы Джакарта қаласында өткізілді. Оған
  • Афро - Азия ойындары - Африка, Азия мемлекеттерінің бірінші ойындары 2003 жылы Үндістанда Хайдарабад қаласында өтті. Осы ойындарда Қазақстан Республикасының
  • Орталық Азия ойындары 1999, сондай - ақ 3 - ші Орталық - Азия ойындары ретінде белгілі, Бішкекте, Қырғызстанда өткізілді. 1999 жылғы Орталық Азия ойындарына
  • Орталық Азия ойындары 1997, сондай - ақ 2 - ші Орталық - Азия ойындары ретінде белгілі, Алматыда, Қазақстанда 1997 жылы өтті. Қазақстан Қырғызстан Тәжікстан

Users also searched:

...