Back

ⓘ 1956 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары. VІІ қысқы олимпиялық ойындар, 1956 жылы 26 қаңтар мен 5 ақпанның аралығында Италиядағы Кортина д Ампеццо деген жерде етті. ..




1956 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары
                                     

ⓘ 1956 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары

VІІ қысқы олимпиялық ойындар, 1956 жылы 26 қаңтар мен 5 ақпанның аралығында Италиядағы Кортина д Ампеццо деген жерде етті. Бұл ойындарға 22 мемлекеттен 924 спортшы қатысты. Осы жолы қысқы Олимпиялық ойындар КСРО-ның құрама командасы алғаш рет сынға түсті. Олар 7 алтын, 3 күміс, 6 қола медальмен 103 ұпай жинады да, коман далық есепте бірінші орынға шықты. Австриялықтар 66 ұпаймен екінші, финдер 57 ұпай мен үшінші орынға ие болды. КСРО командасының қысқы Олимпиялық ойындарға қатысуы қысқы спорт түрлерінен күштің арасалмағын көрсетті. Осы ойындарда КСРО құрамасының сапында қазақстанның өкілі Александра Артеменко тау шаңғысынан өнер көрсетті. Ол шаңғымен шапшаң түсуде 1.51.1 мин.уақыт көрсетіп 14-інші орынға ие болды. Ойындардың ең үздік спортшысы атағын тау шаңғысының барлық түрлері бойынша 3 алтын медальды жеңіп алған австриялық А.Зайлер иеленді.

                                     
  • Гринвич Меридианы үстінде орналасқан. Лондон 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарын қабылдап Олимпиада ойындарың 3 рет қожайыны болуда. Лондон әлемдегі өнер
  • Танзаниялықтар ешқашан Қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан емес. Олимпиада ойындарынан басқа, Танзания Достастық ойындары Бүкіл Африка ойындары Африка жеңіл

Users also searched:

...