Back

ⓘ ALDONGAR Productions, Kazakhstan, кинокомпания. ALDONGAR Productions кинокомпания - көркем және деректі фильмдер өндірумен, Қазақстандық кино өнімнің халықаралы ..




                                     

ⓘ ALDONGAR Productions (Kazakhstan) кинокомпания

ALDONGAR Productions кинокомпания - көркем және деректі фильмдер өндірумен, Қазақстандық кино өнімнің халықаралық ақпараттық кеңістікте бәсекеге қабілеттілігін арттырумен, мәдени жобаларды бірлесе атқарумен айналысады. Компанияның негізгі міндеті - Қазақстанның мәдени өміріндегі кино-телеөнімдердің жарыққа шығуын жекелеген азаматтардьң меценаттық қолдаулары нәтижесінде іске асыру.

А.Р.К. - Қазақстандағы тұңғыш жеке материалдық- техникалық базасында Қазақстандық-ресейлік "Лики Евразии" атты сериямен әйгілі ғалымдар, жазушылар, мәдениет қайраткерлері мен жарқын көшбасшылар жайлы 5 тараудан тұратын циклді деректі фильмдер жасаған. А.Р.К. көптеген телеарналармен әріптестік қатынасын нығайтуда: "Культура" телеарнасы, Мәскеу қаласы Еуразиялық телевидение және радио академиясы, Мәскеу Еуразиялық телефорум, ЕАТР корпорациялық мүшесі, Халықаралық продюсерлік орталықтар мен Кинофорумдер, "Никол-фильм" Ресей, "Ибрус" Ресей, "TOR" Польша және т.б.

Компания негізін қалаушылары: Борис Шырдабаев, Әлия Увальжанова, Асқар Бапишев. Кинокомпанияның Жобалары: "Лики Евразии" 2006, "Боз-Салқын" Қазақстан- Қырғызстан, 2007, "Түрлі- түсті эльфтер", "Троя алтыны және Генрих Шлиманның дүниежүзілік жәдігерлер топтамасы", "Александр. Нева шайқасы", "Сталинге сый", "Арман қала" ТВ сериал 2009, "Намыс- Көк Тәңірісі" 2009 - тарихи-линтвистикалық жоба. Мекенжайы: 050020. Алматы. Көктөбе -2 ықшам ауданы Қыз-Жібек көшесі 87 үй. Байланыс тел: 8 727 227-92-94.

Users also searched:

...