Back

ⓘ Капиллярлық су - жыныстар мен топырақтар бөлшектерінің арасындағы қыл түтік қуыстарды толтырып тұратын су. Кеуекті жыныстарда су оны белгілі бір деңгейге дейін ..




                                     

ⓘ Капиллярлық су

Капиллярлық су - жыныстар мен топырақтар бөлшектерінің арасындағы қыл түтік қуыстарды толтырып тұратын су. Кеуекті жыныстарда су оны белгілі бір деңгейге дейін толтырып қана қоймайды, түтікшелер арқылы біраз биіктікке шейін де көтеріледі. Топырақтар мен таужыныстардың ұсақ кеуектерінде, жарықшақтарында және басқа да қуыстарында капиллиярлық күштердің ұстап тұра алатын суы. Ол аэрация белдемінің төменгі жағында грунт сулары бетінен жоғары орналасқан капиллярлық жиек түзеді. Мұндай жиектің биіктігі капиллярлық каналдардың көлденең қимасына кері пропорционал және басқа да жағдайларға байланысты болады. Қуыстар мен жарықшақтар неғұрлым тар болса, су солғұрлым биікке көтеріледі. Мысалы, қуыстары тым тар жеңіл саздарда капиллярлық су 7 - 12 м биіктікке дейін көтерілсе, ірі құмдардың ішінде ол тек 2.0 - 3.5 см-ге ғана көтеріле алады. Қылтүтіктік су қылтүтік каналдар бойымен кез келген бағытта қозғала алады. Соның ішінде төменнен жоғары қарай, яғни ауырлық күші әрекетіне қарсы бағытта да. Ол әдетте өзі қозғалатын куыстың немесе жарықшақтың диаметрі жіңішкерген сайын, алысқа жылыстайды.