Back

ⓘ Азия. оңтүстігінде Пиай мүйісі солтүстігінде – Челюскин мүйісі батысында Рока мүйісі шығысында Дежнев мүйісі. ..




                                               

Шығыс Азия ойындары

Шығыс-Азия ойындары - әр төрт жыл сайын Шығыс Азия мен Тынық мұхитының іргелес өңірлері мен аумақтарынан келген спортшылар арасында спорт жарыстары өткізілді. Ойындар Шығыс Азия Ойындарының Федерациясы Азия Олимпиадалық Кеңесі және ХОК қамқорлығымен ұйымдастырылған.

                                               

Батыс Азия ойындары

Батыс Азия ойындары - Батыс Азия елдерінің спорттық жарысы. Алғашқы жарыстар 1997 жылы Тегеранда өтті. Олардың жетістіктері Батыс Азия ойындарының федерациясын құруға және осындай жарыстарды әр төрт жыл сайын өткізу ниетін тудырды. Алайда 2005 жылдан кейін бәсекелестік болмады; келесі Батыс Азиядағы ойындары 2016 жылы Киш аралында өткізілді.

                                               

Кіші Азия

Кіші Азия - Азияның батыс бөлігіндегі түбек, қазіргі Түркия территориясының ортаңғы бөлігі. Анатолия деп көбінесе Түркияның азиялық иеліктерін атайды. Грек тілінде Анатолия атауы көне грекше: ἀνατολή күн шығыс, шығыс мағынасын білдіреді.

                                               

Оңтүстік-Шығыс Азия ойындары

Оңтүстік-Шығыс Азия ойындары - Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген спортшылар арасында екі жыл сайын өткізілетін спорт жарыстары. Ойындар Оңтүстік Азияның Ойын Федерациясымен Азия Олимпиадалық Кеңесінің және Халықаралық Олимпиадалық Комитеті ұйымдастырылған.

                                               

Орта Азия миниатюра мектебі

Орта Азия Миниатюра метебі - көркемдік әдісінің айрықша нәзіктігімен ерекшеленетін, көлемі шағын бейнелеу өнері шығармалары. XV ғасырда дамыған. Орта Азия Миниатюра метебі негізінен қолжазбаны көркемдеуді мақсат етіп, бейнелеу тәсілдерінің нақтылығымен ерекшеленді. Миниатюралық туындылар тақырыбына табиғаттың тылсым көріністерін арқау етті әрі олар жарқын бояулы үйлесімді нақышпен салынды;

                                               

Жазғы Азия ойындары 2002

2002 жылғы Жазғы Азия ойындары немесе XIV Азия ойындары Пусанда 29 қыркүйек пен 14 қазан аралығында 2002 жылы өткізілді. Жарыстардың бір бөлігі Ульсанда, Чханвонде, Масанда және Янсанда өтті. Ойындарға 7711 спортшы Азияның 44 елінен қатысты. 419 медальдар жиынтығы 38 түрлері бойынша ойнатылды.

Азия
                                     

ⓘ Азия

  • оңтүстігінде Пиай мүйісі
  • солтүстігінде – Челюскин мүйісі
  • батысында Рока мүйісі
  • шығысында Дежнев мүйісі.
                                     

1. Жер бедері

Азия дүние бөліктерінің ішінде абсолюттік биіктігі жағынан Эверест шыңының биіктігі 8848 м 1-орында, орташа биіктігі жағынан Антарктида құрлығынан кейінгі 2-орында 950 м. Жерінің 75%-ы таулар мен тау үстірттері. Олар басты екі белдеуді құрайды. Ендік белдеуі Кіші Азия түбегінен Тынық мұхит жағалауына дейін созылған.

                                     

1.1. Жер бедері Ең ірі жазықтары:

  • Үнді-Ганг жазығы
  • Батыс Сібір
  • Месопотамия.
  • Тұран
  • Ұлы Қытай жазығы
                                     

2. Кен байлықтары

Тас көмірдің ірі кен орындары Сібірде, Қазақстанда Қарағанды, Қытайда, Үндістанда бар. Азияда мұнайдың дүниежүзілік қорының жартысынан астамы шоғырланған.

Негізгі мұнай-газ аудандары:

  • Маңғыстау
  • Кавказ
  • Каспий маңы ойпаты
  • Малай топаралы
  • Парсы шығанағы төңірегі
  • Орта Азия
  • Батыс Сібір
  • Солтүстік және Батыс Қытай мұнай-газ ауданы.

Темір кені мен түсті металдар Азияның таулы, қыратты аймақтарында кездеседі. Фосфориттің мол қоры Қаратауда)Қазақстан, боксит кені Торғай даласында Қазақстан, Краснояр өлкесінде, Үндістанда, Мъянмада, Индонезияда, алмаздың ірі кен орны – Саха-Якутияда.

                                     

3. Климаты

Азия Cолтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін алып жатыр. Көп жерінде, әсіресе ішкі аудандарда, континенттік климат басым. Оңтүстігі мен шығысында климат муссонды. Батыс, Орта, Орталық Азия жазықтарына шөл және шөлейт климат тән. Биік тау қыраттары мен тау бастарын суық шөл климаты алып жатыр. Малакка түбегі мен Үлкен Зонд аралдарының климаты экваторлық.

Қыста ең төмен температура солтүстік-шығыс Сібірде байқалады. Верхоян жотасы мен Оймяконда қаңтар айының орташа температурасы –50°С, кейде ең төмен температура –70°С-қа дейін жетеді. Экваторлық өңірде қаңтардың орташа температурасы 25°С-қа дейін өседі. Жазғы температура ендікке байланысты өзгеріп отырады. Шілденің орташа температурасы тундраның оңтүстік шекарасында 10°С, ал 55° – 60° солтүстік ендіктерде 20°С, тропиктік, экуаторлық белдеулерде 25 – 28 о С-қа дейін жетеді.

Азияның оңтүстік, оңтүстік-шығыс шеткі аймақтары өте ылғалды келеді. Гималайдың оңтүстік етегіндегі Черрапунджи өңірінде жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 12665 мм Жер шарындағы ең ылғалды аудан. Экваторлық белдеуде жылына 2000 мм жауын-шашын түседі. Субэкваторлық белдеудегі таудың ық жақ беткейлерінде ылғал мөлшері күрт азайып, 1000 мм-ден аспайды. Ал климаты субтропикті және қоңыржай теңізді аймақтарда 600 – 1000 мм, Сібірдің басым көпшілік жерінде 300 – 500 мм, тундрада 150 – 200 мм, Алдыңғы, Орта және Орталық Азия шөлдерінде 100 – 150 мм, кей жерлерде одан да аз болады.



                                     

4. Ішкі сулары

Азия құрлығы өзенге бай. Сондықтан Азияны "өзен жағасындағы өркениеттер өлкесі" деп атайды.Кавказ, Памир, Тянь-Шань, Гималай, Қарақорым, Гиндукуш, т.б. тауларда мұздықтар таралған жалпы ауданы 120 мың км². Мұздықтар өзендердің толығуына аса маңызды орын алады. Құрлықтың ішкі суларының 60%-ы сыртқы, 40%-ы ішкі тұйық алапқа орналасқан. Азияның басты өзендері - Янцзы, Сары өзен Хуанхэ, Обь, Амур, Лена, Меконг, Енисей, Үнді, Брахмапутра, Салуин, Вилжуж, Әмурдария, Ганг, Ефрат, Алдан, Сырдария, Тарим, Калыма, Айеарвади, Тигр, Сонгхуа және Ангара өзендері. Обь, Ертіс, Енисей, Ангара, Лена, Яна, Индигарка және Колыма өзендері Солтүстік мұзды Тынық Мұхитқа құятың өзендердің ішінде: Анады, Амур, Хуанхэ, Янцзы, Ексы, Миконг, Чао Прая жөне Қызыл өзен бар. Янцзы - Азиядағы ең ұзын және әлемдегі үшінші ұзын өзен. Евфрат - Орта Шығыстағы ең ұзын өзен. Ежелгі дүниенің атақты қаласы Бабыл Вавилон осы өзеннің бойында орналасқан болатын. Үнді түбегінің басты өзені - Ганг Солтүстік Үндістан жазықтықтары арқылы шығыстағы Бангладешке қарай ағады. Қазақстандағы ең ұзын өзен - Есіл өзені. Оның жалпы ұзындығы - 2450 шақырым, Қазақстан аумағына 1400 шақырымы кіреді. Муррей, Сноуи, Маррамбиджи - басты өзендерінің бірі. Өзге өзен жүйелеріне Батыс Австралиядағы Фитцрой, Орд, Свон; Тасманиядағы Деруент пен Тамар; Жаңа Оңтүстік Уельстегі Хаукесбери жатады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жиі жауатын болғандықтан, Жаңа Зеландияда өзен саны өте көп. Ең ұзын өзенінің ұзындығы 425 шақырым. Бұл аралда, сондай- қ, Хука сарқырамасы бар.

                                     

4.1. Ішкі сулары Ішкі тұйық алаптағы өзендердің ең ірілері:

  • Жайық
  • Еділ
  • Кура өзені
  • Сырдария
  • Іле.
  • Әмудария

Экваторлық белдеудегі өзендердің суы жыл бойы мол болады. Шығыс және Оңтүстік Азия өзендері теңіздік жаңбырға байланысты бүкіл жаз бойы тасиды. Жерортатеңіздік Батыс Азия өзендерінің суы қыста молаяды. Ішкі тұйық алаптың биік тау басындағы қар мен мұздан бастау алатын өзендер жазда қатты тасиды. Құрлықтың ірі өзендері жол қатынасына және жер суаруға ежелгі заманнан бері пайдаланылып келеді. Азияда көл көп. Ең ірілері – Каспий мен Арал теңіздері. Тектоникалық ойыстарда Байкал, Зайсан, Ыстықкөл, Өлі теңіз, Хубсугул, Кукунор, Алтынкөл орналасқан.

Биік таулы аймақтарда мұздық әрекетінен пайда болған ұсақ көлдер бар. Жанартау әрекетіне байланысты көлдер Камчаткада және Тынық мұхит жағалауындағы аралдарда, карст көлдері Загрос таулары мен Орталық Азия таулы қыраттарында, термокарст көлдері Сібірде көп. Шөлді белдемдегі көлдер әдетте тұзды болып келеді. Азияның ең ірі өзендері:

  • Еділ өзені,
  • Іле өзені,
  • Кура өзені,
  • Сырдария өзені,


                                     

5. Өсімдігі

Азияның көпшілік бөлігі Голарктикалық флоралық облысқа кіреді. Араб түбегінің оңтүстігі, Үндістан, Үндіқытай түбектері, Филиппин және Малай топаралы палеотропиктік облысқа жатады. Палеотропиктік флора мезозойдың соңғы кезеңінен бері бірқалыпты жылы климат жағдайында дамып келеді. Өсімдігі алуан түрлі, құрамында реликтер мен эндемиктер көп. Солтүстік мұзды мұхит жағалауында арктикалық, мүкті-қыналы тундра тараған. Солтүстік Азияда орман өте кең алқапты қамтиды, оның көп жерін тайга алып жатыр. Қиыр Шығыстың аралас және жалпақ жапырақты ормандары өсімдік түріне бай. Орман белдемінен оңтүстікке қарай орманды дала белдемдері өтеді. Орта және Орталық Азияда шөл өсімдігі басым. Тибет пен Памирдегі тау басын суық шөл алып жатады. Субтропиктік шөл, шөлейт және құрғақ дала өсімдігі Иран, Кіші Азия таулы қыраттарында, Месопотамияның солтүстік бөлігінде өседі. Месопотамияның оңтүстігі мен Араб түбегі тропиктік шөлге жатады. Субтропиктік белдеудің батыс жағына қарай, Кіші Азиядағы теңіз жағалауында негізінен маквис және мәңгі жасыл еменнен тұратын жерортатеңіздік өсімдіктер өседі. Тынық мұхит жағалауында қоңыржай белдеудің ормандары субтропиктік орманға ауысады. Малакка түбегі мен Малай топаралында мәңгі жасыл ылғалды тропиктік қалың орман гилея өседі. Оның тауларындағы өсімдіктер биіктік белдеулерін құрайды. Солтүстік Азияда тау тайгасы мен тау тундрасы, Орта және Орталық Азияда тау даласы мен шөлі, Оңтүстік Азияда тропиктік тау орманы басым.

                                     

6. Жануарлары

Азия негізінен Голарктика облысының Палеоарктика бөліміне жатады. Жануарлары ендік белдемдер мен биіктік белдеулер жиынын құрайды. Тундрада жануарлардың түрі аз. Орман белдемінде

  • құстардан: саңырау құр, тоқылдақ, бұлдырық, шырша торғай, жапалақ, т.б. мекендейді.
  • сүтқоректілерден: бұлан, бұлғын, қоңыр аю, сілеусін, тиін, борша тышқан, сасық күзен;

Құрлықтың шығысы жануарлар түріне өте бай. Мұнда тайганың, жалпақ жапырақты орманның және субтропиктік аймақтың жануарлары өмір сүреді. Дала мен шөл жануарлары Кіші, Алдыңғы, Орта және Орталық Азияда, Солтүстік-батыс Үндістанда тараған. Әсіресе кемірушілердің түрі көп.

Батыс жағын жерорта-теңіздік жануарлардан: қабылан, гепард, қорқау қасқыр, жайран, т.б. мекендейді. Өзен бойы тоғайларында жолбарыс, Солтүстік-батыс Үндістанда арыстан сақталған.

Құрлықтың субэкваторлық және экваторлық ендіктерінде Үнді-Малай жануарлары басым. Құстардың түрі көп. Жорғалаушылардан алып ешкіемер, қолтырауын, өте улы көзілдірікті жылан, питон ұзындығы 8 – 10 м көп тараған.

                                     

7. Саяси бөлінуі

Азия саяси құрылымы бойынша:

  • Оңтүстік-Шығыс Азия ;
  • Батыс Азия, Оман, Йемен Араб Республикасы ЙАР, Йемен Халық Демократиялық Республикасы ЙХДР сияқты Таяу және Орта Шығыс Азия мемлекеттері құрайды);
  • Солтүстік Азия Ресей федерациясы;
  • Шығыс Азия болып бөлінеді.
  • Орталық Азия
  • Оңтүстік Азия ;
                                     
  • Азия Кубогы - Азия Футбол Конфедерациясымен өткізілетін құрамалар арасындағы басты футбол турнирі. Жеңімпаз Азия чемпионы атанып, ФИФА Конфедерациялар
  • бөлінеді: Оңтүстік - батыс Азия Оңтүстік Азия Орталық және Шығыс Азия Солтүстік Азия оңтүстік - шығыс Азия Оңтүстік - Батыс Азия Еуропа, Азия Африка дүние бөліктерінің
  • Оңтүстік - шығыс Азия көркем әдебиеті проф. Б. А. Эренгросс. М.: Высшая школа 2001, с. 564 - 579. Погадаев, В. А. Оңтүстік - шығыс Азия мәдениеті: активный
  • Орта Азия - Азия құрлығының Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан Республикалары мен Қазақстанның оңтүстік облыстарының жерлерін қамтитын аймақ
  • Азия дауысы - Азияның музыка өнеріндегі танымал әндер мен талантты орындаушылардың жыл сайын Алматыда өтетін халықаралық байқауы. 1990 жылы Медеу мұз айдынының
  • Қысқы Азия Ойындар немесе Азиада 2011 30 қаңтар мен 7 ақпан арасында Қазақстанның екі қаласында Алматы мен Астана өтті. Жалпы алғанда, 7 - қысқы Азия ойындарына
  • Орталық Азия Азияның ішкі аумағында орналасқан табиғат аймағы. Батысы мен солтүстік - батысында ТМД елдері Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан
  • Азия Футбол Конфедерациясы ағылш. Asian Football Confederation, AFC - Азия аймағындағы негізгі футбол қауымдастығы. 1954 жылдың 8 мамырында негізі қаланды
  • Азия ойындары, Азияда төрт жыл сайын 1951 жылдан бері Азия елдерінің барлығында өткізілетін спорт жарысы. Ойындардың жалпы ұзақтығы ашылу және жабылу
  • Қысқы Азия ойындары Азия Олимпиялық Кеңесі АОК мүше елдері үшін төрт жылда бір өтетін қысқы Олимпиялық ойындар. Жапония ұлттық олимпия комитеті алғашқы
  • VІ қысқы Азия ойындары Чаңчун қаласында, Қытайда Қаңтардың 28 мен Ақпанның 4, 2007 жылы өтті. Бұл ойындар Қытайда осымен екінші рет өтуі алғашқысы Харбинде
Ляудұң шығанағы
                                               

Ляудұң шығанағы

Ляудұң шығанағы – Сары теңіздің Азия жағалауы мен Ляудұң түбегінің аралығындағы бөлігі. Құрлыққа 220 км еніп жатыр. Ені 175 км. Тереңдігі 10-50 м. Қыста қалқыма мұздар кездеседі. Су деңгейі жарты тәулікте бір көтеріліп отырады. Жағасында Инкоу ҚХР порты орналасқан.

                                               

Арыс шпалға май сіңіру зауыты

Арыс шпалға май сіңіру зауыты 1953 ж. Арыс қаласында салына бастаған. Зауыт 1957 ж. іске қосылып, содан бері Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан секілді Орталығы Азия мемлекеттерін өз өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған. 1998 ж. ЖШС болып қайта құрылды. Май сіңірілген шпал, көпірге қолданылатын бөрене, жылжымалы бөрене, көрсеткіш бағана тәріздес темір жолға қажетті өнімдер шығарады.

                                               

Аркадий Кемерханұлы Топаев

Аркадий Кемерханұлы Топаев, боксшы. Қаркаралы ауданының түлегі. ҚарМУ-ді бітірген. Бокстан ҚР еңбек сіңген спорт шебері. Қазақстанның және КСРО-ның, бірнеше дүркін Азияның чемпионы. Олимпиадалык ойынға, катысушы, Азия ойындарының күміс жүлдегері, Әлем кубогының жеңімпазы, Әлем кубогының үздік боксшысы, Қазақстан - АҚШ матчтың кездесуінін жеңімпазы.

Бояуриян
                                               

Бояуриян

Теріден және жүннен жасалған бұйымдарды бояу үшін. Медицинада тамыры мен тамырсабақтары зәр айдағыш ретінде, өт қалтасы ме бүйректегі тастарды қобсыту үшін, әсіресе, тастар фосфатты және оксалатты болса.

Наурудың дипломатиялық өкілдіктері және консулдық мекемелері
                                               

Наурудың дипломатиялық өкілдіктері және консулдық мекемелері

Наурудың дипломатиялық өкілдіктері және консулдық мекемелері - Науру Республикасының дипломатиялық мекемелерінің тізімі. Бұл тізімге Аганьяда, Оклендте, Лондонда, Гонолулуда, Паго-Пагода және Делиде орналасқан құрметті консудлықтар кірмеген. Науру - әлемдегі ең кішкентай елдердің бірі. Бұрын Науру Республикасы фосфаттарды өңдеу кезінде жиналған роялти арқасында едәуір бай ел болған.

Users also searched:

...