Back

ⓘ Орталық Азия – Азияның ішкі аумағында орналасқан табиғат аймағы. Батысы мен солтүстік-батысында ТМД елдері, солтүстігінде Моңғолия, Қытайдың солтүстік-батыс бөл ..




                                               

Азия және Африка халықтарының әдебиеті

Азия және Африка халықтарының әдебиеті. Әуезов Азия және Африка елдері жазушыларының ынтымағы мен бірлігі, әдебиеттер байланысы тарихына үлкен үлес қосты. Орталық Азия әдебиеттерінен қырғыз, қарақалпақ, өзбек, түрікмен, тәжік әдебиетін жетік білді, қазақтың суырып-салма айтыс өнерін зерттеген кезде ақындарды қырғыз манасшыларымен, өзбек бахшыларымен, тәжік ғафиздерімен, әзірбайжан ашугтарымен, араб, парсы ақындарымен салыстыра талдады, халық ауыз әдебиетіндегі ортақ заңдылықтарды тап басып, дәл көрсетті.

                                               

590 жыл

590 жыл - Григориан күнтізбесі бойынша аптаның 5-ші күні, яғни жұмада басталады. Кібісе жыл емес. Бұл біздің заманымыздың 590 жылы, I мыңжылдықтың 590 жылы, 6 ғасырдың 90 жылы, 5 ғасырдың 9-шы онжылдығының 10 жылы, 590-шы жылдардың 1 жылы болып табылады.

                                               

15 ақпан

1907 жыл – қазақтың көрнекті тілші – ғалымы Ісмет Кеңесбаев дүниеге келді. "Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі" - ғалымның ана тілімізге орнатып беріп кеткен ерен ескерткіші. 1452 жыл - Леонардо да Винчи, италияндық ұлы суретші әрі ғалым, "Әмбебап адам" 1835 жыл – Деметриус Викелас, грекиялық коммерсант, ақын, филолог, Халықаралық олимпиада комитетінің алғашқы президенті 1564 жыл - Галилео Галилей, итальян философы, математик, физик, механик және астроном. 1915 жыл – қазақтың тамаша тарихшысы Ермұқан Бекмаханов дүниеге келді. 1914 жыл – қазақтың көрнекті актері, театр және кино режиссері ...

                                               

Футболдан 1978 жылғы әлем біріншілігі (іріктеу турнирі)

Футболдан 1978 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу турнирі 107 құраманың арасында өтті. 1974 жылғы әлем чемпионы ГФР құрамасы мен турнир қожайындары Аргентина финалдық турнирге іріктеусіз жолдама алды. Азия АФК и Океания ОФК: 1 орын, 22 құрама сарапқа салды. Африка КАФ: 1 орын, 26 құрама сарапқа салды. Оңтүстік Америка КОНМЕБОЛ: 3.5 орын, оның біреуі Аргентинаға тиесілі, қалған 2.5 жолдама үшін тоғыз құрама сынға түсті. Солтүстік, Орталық Америка және Кариб елдері КОНКАКАФ: 1 орын, 17 құрама сарапқа салады. Еуропа УЕФА: 9.5 орын, оның біреуі ГФР-ге тиесілі. Ал, 0.5 жолдаманы КОНМЕБОЛ елдері ...

                                               

Жоңғар

Жоңғар, жунгар, зюнгар – 1) Шыңғыс хан әскерлерінің сол жақ қанаты. Оң қанат – бурунғар деп аталған. Жоңғар атауы 12 ғасырдың аяқ кезінен бастап белгілі. Шыңғыс хан өз әскерін топтаған кезде сол қол немесе сол қанат, яғни Жоңғар басшысы етіп жалайыр тайпасынан шыққан Мұқалыны тағайындаған. 1215 жылы өзі Қытайға жасаған жорығынан қайтқан кезде ол елді әрі қарай жаулай беру үшін Мұқалыны 10 мың жасағымен қоса орнына қалдырып кетеді. Мұқалы Шыңғыс хан империясының Қытайдағы әскерлерінің бас қолбасшысы болып, жаулап алу жорығын әрі қарай жүргізе берді. Ал бейбіт уақытта жергілікті билеушінің м ...

                                               

Қазақстан футбол клубтары Азия кубоктарында 2000/01

2000/01 жылғы Азия кубоктерінің маусымына қазақстандық клубтардан "Ертіс" Чемпиондар кубогына, "Қайрат" кубок иелері кубогына қатысты. Екі клуб та көктемгі турнирлерге дейін жетті, ал "Ертіс" қазақстандық клубтар арасында Азия Чемпиондар кубогының жартылай финалына жеткен жалғыз клуб боп тарихта қалды. Бұл - Қазақстан клубтары қатысқан соңғы Азия кубоктарының маусымы болатын. 2002 жылы Қазақстан футбол федерациясы УЕФА-ға өтті де, командаларымыз еуротурнирлерге қатыса бастады.

Орталық Азия
                                     

ⓘ Орталық Азия

Орталық Азия – Азияның ішкі аумағында орналасқан табиғат аймағы. Батысы мен солтүстік-батысында ТМД елдері, солтүстігінде Моңғолия, Қытайдың солтүстік-батыс бөлігі орналасқан. Оңтүстік-батысы мен оңтүстігін Ауғанстан, Пәкстан, Үндістанның солтүстік бөліктері, орталығы мен шығысын Қытай алып жатыр.

                                     

1. Сипаттама

Аумағы 6 млн. км 2. Жер бедері қиыршық тасты және құмды шөгінділермен жабылған әр түрлі биіктіктегі жазықтар мен оларды қоршай орналасқан биік тау жоталарынан тұрады. Геоморфологиялық ерекшелігіне қарай Орталық Азия батыстан шығысқа қарай созыла орналасқан 3 орографиялық белдеуден тұрады. Солтүстік таулы белдеу құрамына Сарыарқа, Моңғол Алтайы, Хангай, Хэнтэй тау жоталары, тау аралығында орналасқан Жоңғар жазығы, Ұрыңқай, Ебінұр, т.б. ірі көлдердің қазаншұңқырлары кіреді. Орта белдеуге Тянь-Шань тауы және биіктігі 1000 – 2000 м болатын көтеріңкі жазықтарда жатқан Гоби, Алашань, Бейшань және Тарим ойысындағы Такла-Макан шөлдері кіреді. Биік Орталық Азия құрамына орташа биіктігі 4000 – 5000 м-ге жететін Памир, Куньлунь, Гиндукуш, Қарақорым, Тибет, Гандисышан тауларынан тұратын биік тау жүйелері жатады. Кен байлықтарынан: Сарыарқада мыс, молибден, вольфрам, көмір; Куньлунь тауларында нефрит; Тибет, Куньлунь, Наньшань, Хангай тауларында шашыранды алтын, темір кені, мұнай, қалайы, молибден, вольфрам; Хэнтэй тауларында бирюза, топаз; Жоңғар жазығында, Тарим, Цайдам, Турфан ойыстарында мұнайдың, тас көмір, ас тұзы мен глаубер тұзының мол қорлары бар.

Қыста жоғары, жазда төмен қысымның ықпалында болуына, мұхиттардан өте қашық орналасуына, тау жоталарымен қоршалып оқшаулануына байланысты климаты тым континенттік және құрғақ. Аймақтың басым бөлігінде жылдық ауа температурасының айырмасы 50 0 С-қа дейін жетеді. Қаңтардың орташа температурасы –10 – 25 0 С, шілдеде солтүстік пен орталық бөлікте 20 – 25 0 С, Тибет таулы қыратында 10 0 С. Аймақтың 3/4 бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлш. 100 – 200 мм, тау жоталарында 300 – 500 мм, оңтүстік-шығысында муссонның ықпалымен 1000 мм-ден артық жауын-шашын түседі. Жылдық буланушылық көрсеткіші 2000 мм шамасында. Тау жүйелерінің көпшілігінде мұз басу таралған. Мұз басудың аса ірі орталықтары: Қарақорым Сиачен мұздығы, ұзындығы 72 км, Тянь-Шань Оңтүстік Інілшек мұздығы, ұзындығы 57 км, Моңғол Алтайы Потанин мұздығы, ұзындығы 20 км таулары. Ірі өзендері Хуанхэ, Янцзы, Меконг, Салуин, Брахмапутра, Инд, Ертіс, Селенга, Амур мұхит алабына жатса, Тарим, Іле Эдзин-Гол өзендері тұйық көлдерге құяды, құмға сіңіп кетеді. Орталық Азияның солтүстігі Моңғолия мен Жоңғар жазығында мен оңтүстігінде Тибетте көлдер көп орналасқан. Ірі тұзды көлдері: Кукунор аумағы 4200 км², Убсу-Нур аумағы 3350 км², Балқаш 17.7 мың км²; тұщы көлдері: Хубсугул аумағы 2620 км², Хар-Ус-Нур аумағы 1486 км², Зайсан 1.79 мың км², Бақырашкөл аумағы1380 км², Далайнор аумағы 1100 км².

Орталық Азияға негізінен шөлейт және шөлді ландшафт тән. Солтүстік-шығысында ылғал мөлшерінің артуына қарай дала және орманды дала белдемі тараған. Шөлдің сұр топырағы, сортаң топырақ, тақыр кездеседі, тұйық тұзды көлдер айналасында құрғақшылық әсерінен қалыптасқан кең алқапты сорлар тараған. Моңғолияның солтүстігіндегі тау беткейлерінде таудың қоңыр орман топырағы, Гоби шұраттары оазис мен жер асты су көздері шығатын тау алды бөктерлерінде таудың шалғынды қара топырағы, тұрақты ағыны бар өзен аңғарларында шалғынды топырақ түрлері қалыптасқан.

                                     

2. Өсімдік және жануарлар дүниесі

Аймақтың солтүстігінде далалық өсімдіктер, тау жоталарының солтүстік беткейлерінде таулы-тайгалық орман кездеседі, биік бөлігінде субальпі және альпі шалғыны өседі. Өзен аңғарларында евфрат көктерегі, жиде, шырғанақ, тобылғы, қамыс, т.б. өсімдіктер қалың тоғай құрайды. Жануарлар дүниесінен тұяқты жануарлар, кемірушілер мен құстар өте көп. Тұяқты ірі жануарлардан Тибетте қодас, Жоңғар жазығында екі өркешті түйе, Гобиде – Пржевальский жылқысы жабайы түрінде сақталып қалған. Жыртқыштардан гималай аюы, барыс, сілеусін, қасқыр, т.б. тіршілік етеді. Орта Азия аумағын көптеген халықтар мекендейді. Аймақтың батысында түркі халықтары солтүстігінде моңғол халықтары, Тибет, Наньшань, Кукунор маңында тибеттіктер шоғырланған ; аймақтың барлық бөлігінде дерлік қытай халқы басым." Орта Азия” ұғымын география тарихына XIX ғасырдың аяғында неміс ғалымы А.Гумбольд енгізді.

                                     

3.1. Тарихы Орталық Азия Кеңестер одағының ыдырауынан кейін

Орталық Азия – Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде бұрынғы Орта Азия республикалары мен Қазақстан аумағында пайда болған геосаяси кеңістік. Геоаймақ ресми түрде 1993 жылы 4 қаңтарда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан Республикалары президенттерінің Ташкент қаласында өткен саяси, экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөніндегі басқосуында бекітілді. Орталық Азия болып аталуы – жер аумағының Еуразия құрлығының ортасында орналасуына және бұл елдердің тарихы, діні мен тілі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен шаруашылығындағы жақындықтар, ұқсастықтардың көп болуына байланысты.

                                     

3.2. Тарихы Орталық Азия елдері Одағы

Орталық Азия аймағының аумағы 4 млн. км 2 -ден асады, халқының жалпы саны 74 млн. адамды құрайды. Аймақ елдерінің сыртқы сауда және экономикалық қатынастарында ежелгі Ұлы жібек жолының қайта жаңғыруы өз көрінісін беруде, әрі Ресей, Қытай және ТМД-ның басқа да елдерімен дәстүрлі байланыстарын жалғастыруда. Орталық Азия аумағында Қытай, АҚШ, Үндістан, Батыc Еуропа және мұсылман елдерінің осы аймақтағы геостратегия мүдделері түйіскен. Орталық Азияның саяси-әлеуметтік өміріндегі өзіне тән ерекше қасиет – ол ислам әлемінің бір бөлігі саналады және христиан, буддизм, индуизм, т.б. өркениеттердің тоғысуымен де ерекшеленеді. Аймақ шығыс пен батыс елдерін жалғастыратын біріктіруші көпір қызметін атқарады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында" Орталық Азия елдері Одағын” құруды ұсынды. Мемлекеттердің бірлескен іс-қимылдарының негізгі стратегия бағыты – саяси, экономикалық, ғылыми, әскери, әлеуметтік, гуманитарлық, т.б. салалардағы үйлесімділіктерді нығайту, дамыту болып табылады.



                                     
  • Орталық Азия ойындары екі жылда бір рет өтетін бұрынғы КСРО КСРО Орталық Азия республикаларының спортшылары қатысатын спорттық жарыс. Ойындар Азия Олимпиадалық
  • Орталық Азия Мұнай ОАМ мұнай барлау кәсіпорны. 1996 жылы құрылған. Құрылтайшылары: Амерада Хесс компаниясы әрі операторы 52, 5 Геотекс АҚ
  • Орталық Азия ойындары 1999, сондай - ақ 3 - ші Орталық - Азия ойындары ретінде белгілі, Бішкекте, Қырғызстанда өткізілді. 1999 жылғы Орталық Азия ойындарына
  • 2003 жылғы Орталық Азия ойындары, сондай - ақ 5 - ші Орталық - Азия ойындары ретінде белгілі Душанбеде, Тәжікстанда 2003 жылы өткізілді. Қазақстан Қырғызстан
  • Орталық Азия ойындары 1997, сондай - ақ 2 - ші Орталық - Азия ойындары ретінде белгілі, Алматыда, Қазақстанда 1997 жылы өтті. Қазақстан Қырғызстан Тәжікстан
  • 1995 жылғы Орталық Азия ойындары, сондай - ақ 1 - ші Орталық - Азия ойындары ретінде белгілі, 1995 жылы Ташкент, Өзбекстанда өтті. Қазақстан Қырғызстан Тәжікстан
  • басталды да, 1223 жылдың көктемінде, Моңғолдардың жеңісімен аяқталды. Орталық Азия Орыс тіліндегі ақпарат Абай. Энциклопедия. Алматы: Қазақ энциклопедиясының
  • Орталық Азия экономикалық кеңістігі экономиканың жаһандану жағдайында дүниежүзілік экономика құрылымында өзіндік орнын растай алатын, әлемдік ұдайы өндіріс
  • тундрада 150 200 мм, Алдыңғы, Орта және Орталық Азия шөлдерінде 100 150 мм, кей жерлерде одан да аз болады. Азия құрлығы өзенге бай Сондықтан Азияны
  • қазан айында Алматының орталық стадионына жүгіру жолы күрделі жөндеуден өтіп, жаңа қабат төселді. Су жаңа жүгіру жолы Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі тұңғыш
  • Орталық Азия мұнайы - көмірсутек шикізатына, өзге де пайдалы қазбаларға қатысты геологиялық - геофизикалық зерттеулерді жүргізу үшін 1996 ж. құрылған

Users also searched:

...