ⓘ Free online encyclopedia. Did you know? page 45




                                               

Лейбниц-Ньютон теоремасы

Лейбниц-Ньютон теоремасы - функцияны өзінің туындысынан алынған интеграл арқылы өрнектейтін формула. Егер Φ функциясының Φ=f туындысы абсолют үзіліссіз болса, онда ∫ a b f x d x = Φ b − Φ a = Φ | a b {\displaystyle \int \limits _{a}^{b}fxdx=\Phi ...

                                               

Лейко

Лейко гр. левкое - жарық ақ - кейбір магмалық жыныстар атауының алдыңғы жағына жалғанатын қосымша.Бұл қосымша жалғанған атау аталмыш жыныстың негізінен алғанда түссіз минералдардан дала шпаттары, кварц т. с. с. тұратындығын көрсетеді.

                                               

Лейкоксен

Лейкоксен - туынды Ті-минералдар мен Ғе гидроксидтерінің топырақ тәрізді агрегатгарының ильменит, сфен, титано-магнетит бойынша псевдоморфозасы.

                                               

Лек (Колонна)

Лек - әскери қызметшілердің, бөлімшелердің бірінің артынан бірі орналасқан қатары. Жаяу бөлімшелер лекке 1.2.3.4 және одан да көп адамнан caп түзей алады. Лектер бөлімдер мен бөлімшелердің жорықтық немесе жазылма сап түзеуінде қолданылады. Бөлімш ...

                                               

Лек жолы

Лек жолы - әскерлердің жолдардан тыс қозғалысы үшін таңдалған және дайындалған жергілікті жердің алқабы. Лек жолы жолдар жетпеген жағдайда немесе оларды пайдалануға болмайтын жағдайда салынады. Лек жолы арнайы доңғалақты және шынжыр табанды машин ...

                                               

Лекало

Лекало - 1) сызбалық құрал. Ол сызбалық және құрылымдық жұмыстарда қисық сызықтарды жүргізу үшін қолданылады. Сызбалық лекало қисықтығы тұрақты және өзгерісті болады. Лекало бірінші түрі ағаштан, пластмассадан, сирегірек жиегі қисық металдан жаса ...

                                               

Лексикалану

Лексикалану - сөз құрамындағы кейбір морфемалардың немесе сөз тіркестерінің тұрақты сипат алуы нәтижесінде олардың жеке сөзге пара-пар қолданылуы. Мысалы: келеді, келетін мағынасындағы кележақ сөзі әрі келешек ұғымын білдіреді; жай тіркестен шыққ ...

                                               

Лексикалық талдау

Лексикалық талдау Талдау реті: Сөздің қазақ тілі сөздік құрамының қай тармағына жататынын дәлелде. Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін, антонимін, омонимін тап Сөйлемді оқы, ондағы өзің қалаған сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықта. Со ...

                                               

Лемеза

Лемеза - Башқұртстанның Иглин ауданындағы ауыл, Улу-Теляк ауылдық кеңесіне жатады. 2009 жылдың 1 қаңтарында тұрғыны 20 адамды құрады. Пошта индексі - 452425, ОКАТО коды - 80228872003.

                                               

Ленинград қысқа көшесі (Астана)

Ленинград қысқа көшесі. Ленинград қысқа көшесі Г.Чичерин қысқа көшесінен басталып, Мырзашөл орамында аяқталады. Ұзындығы - 160.1 м. Ленинград - Ленинград қаласының қазіргі Санкт-Петербург атауына байланысты қойылған.

                                               

Ленскей

Ленскей - Ресей Федерациясындағы қала, Саха Республикасы Ленскей ұлысының әкімшілік орталығы. Халық саны 24.6 мың адам. 1940 жж. бұрын Мұқтуя деп аталған.

                                               

Ленталы силикаттар (амфиболдар)

Магмалық және бірсыпыра метаморфтық тау жыныстарының күрамына кіретін, аса көп тараған жыныс құраушы минералдар. cопымен қатар олар вулкан лаваларында және магма мен ізбестастардыд контактылык зоналарында кездеседі. Бірсыпыра амфиболдардың химиял ...

                                               

Ленц Ережесі

ЛЕНЦ ЕРЕЖЕСІ, электрмагниттік индукция процесі нәтижесінде пайда болатын индукциялық ток бағытын анықтайды. Оның тұжырымдамасын 1833 ж. Э.Ленц ұсынған. Ленц ережесі бойынша: тұйықталған контурда пайда болатын индукциялық ток оны тудыратын магнитт ...

                                               

Леон

Леон - Башқұртстанның Кугарчин ауданындағы ауыл, Заречен ауылдық кеңесіне жатады. 2009 жылдың 1 қаңтарында тұрғыны 70 адамды құрады. Пошта индексі -?, ОКАТО коды -?.

                                               

Леон Кладель

Леон Кладель – француз романшысы. 1862 жылы кіріспесін Бодлер жазған "Les Martyrs ridicules" атты романымен танылады. "Une Maudite" романы үшін түрмеге қамалады. Оның таңдаулы романдары: "Mes paysans, le Bouscasier" 1869 және "La Fête votive de S ...

                                               

Леонид Николаевич Майков

Леонид Николаевич Майков – орыс әдебиетінің тарихын зерттеуші. 1839 жылы Санкт-Петербург қаласында дүниеге келген. 1860 жылы Санкт-Петербург университетінің тарих-филология факультетін бітіреді. 1868 жылдан бастап Археология институтының профессо ...

                                               

Леонид Руденко

Леонид Руденко – Ресей диджейі, электронды музыкант. Хаус, техно, trance, эмбиент және т.б. стилінде өнер көрсетеді. 12 жасынан бастап музыкамен айналыса бастайды. Леонидтің айтуы бойынша оған шабыт берген Богдан, Титомир, сондай-ақ Chemical Brot ...

                                               

Леонид Сергеевич Соболев

Соболев Леонид Сергеевич - жазушы, Социалистік Еңбек Ері. 1910-17 ж. Иркутск гимназиясында, Петербург кадет корпусында, әскери теңіз училищесінде оқыған. 1918-31 ж. соғыс-теңіз флотында қызмет етті. Әскер қатарынан босағаннан кейін 1931 Жазушылар ...

                                               

Леопольд Циглер

Циглер Леопольд - неміс философия тарихы және дін философиясының өкілі. Алғашқы кезде Э. Гартманның жақтасы, кейіннен барлық салаларда қажеттілік пен мүмкіндіктен туатын қайшылықтардың жаңа синтезін жасауға талпынды. Өзінің еңбектерінде ол грек м ...

                                               

Леп белгісі

Леп белгісі мынадай орындарда қойылады: Ерекше дауыспен айтылған одағай сөздерден немесе одағайлы сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады. Бұйрық, ұран, үндеу мәнді сөйлемдерден соң әр уақытта леп белгісі қойылады. Сүйсінгендікті, таңғалғандықты, р ...

                                               

Лепсі көшесі (Астана)

Лепсі көшесі Хантау көшесінен басталып, Қаратау, Қозыбасы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы - 1131.9 м. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы. Лепсі - Балқаш алабындағы өзен. Алматы облысы, Ақсу, Сарқант аудандары жерімен ағады. Үзындығы - 418 шақырым. Жетіс ...

                                               

Лептоменингит

Лептоменингит - Мидың жұмсақ қабығының қабынуы. Тамырлы қабық пен жұмсақ ми қабығының бірдей қабынғанын көрсететін жинама ұғым.

                                               

Лептондық заряд

ЛЕПТОНДЫҚ ЗАРЯД, лептондық сан - лептондарды сипаттайтын айрықша кванттық сан. Лептондар саны мен олардың антибөлшектері санының айырмасы барлық процестер кезінде тұрақты болып қалатындығы тәжірибе жүзінде анықталған. Мысалы, электрондық қармау п ...

                                               

Лерцолит

Лерцолит - ромбалы және моноклинді пироксендердің өзгермелі мөлшерінен және оливеннен тұратын хромшпинелидтер мен магнетит қоспаларын кіріктіретін асанегізді тау жынысы, перидотиттің бір түрі.

                                               

Лесс

Лесс - ашық сары түсті, мейлінше кеуек, қатқа батталу белгілері байқалмайтын, әкті, бағана тұрқылас пішіндер мен құлама кұздар түзуге бейім. Әдетте өзі таралған аймақ бетін, тіпті биік-биік суайырық бетін де тұтас желек түрінде жаппай көмкеріп жа ...

                                               

Лесс үстірті

ЛЁСС ҮСТІРТІ, Ләсс жазығы, Қытайдағы Хуанхэ өзенінің орта алабында орналасқан. Батысы Tайханшань, Цинлин жоталарымен, шығысы Наньшань тауларының сілемдерімен қоршалып жатыр. Аумағы 430 мың км². Биіктігі 1200 - 1500 м жонды-төбелі жазық. Беткі қаб ...

                                               

Лестерфранк Уорд

Лестерфранк Уорд - американ әлеуметтанушысы. Психологиялы эволюционизмнің негізін салушы, адам интеллеқтісінің эволюциясына зор рөл берген ғалым. қаршадайынан өз бетімен білім алып шықты. 65 жаска дейін геолог және патентолог болын келді, содан к ...

                                               

Летаргия

Летаргия, летаргиялық күй, летаргиялық ұйқы - адам организмінің әлсіреуімен сипатталатын патологиялық күй. Оның клиникалық белгісі мидың, көбінесе, оның бағаналы бөлімінің органикалық зақымдануымен түсіндіріледі. Летаргияға қазіргі кезде истериял ...

                                               

Леуза

Леуза - Башқұртстанның Кигин ауданындағы ауыл, Леузин ауылдық кеңесіне жатады. 2009 жылдың 1 қаңтарында тұрғыны 1155 адамды құрады. Пошта индексі - 452506, ОКАТО коды - 80236840001.

                                               

Лефлер синдромы

Лефлер синдромы - өкпеге "өткінші" затардың жиналуының сипаттайтын, табиғаты жағынан аллергиялық ауру, қандағы аозинофилиямен бірге болады.

                                               

Ли Бинбин

Ли Бинбин – Қытай актрисасы. 1973 жылы 27 ақпанда Харбинде дүниеге келген. Мектепті аяқтаған соң досы Лиге Шанхай драмалық институты на түсуге кеңес береді. Алғашқы кино дебюті 1999 жылы Чжан Юаньннің "Семнадцать лет" фильмі еді. 2007 жылы 26 там ...

                                               

Ли Виталий Гаврилович

Виталий Гаврилович Ли – геолог ғалым, геол минералогия ғылымдарының докторы, профессор. Қазақ тау-кен институтын бітірген. 1941 – 62 жылдары Ресей тау кен-металлургия және геология ғылыми-зерттеу орталықтарында, 1962 – 99 жылдары Геология институ ...

                                               

Ли Гым Нен

Ли Гым Нен – Социалистік Еңбек Ері. 1931–50 жылдары Талдықорған облысының "Дальний Восток" және "Путь к социализму" ұжымшарында егіс бригадасының бригадирі, 1950–59 жылдары Шымкент облысындағы Ильичев ауданында ұжымшарда мақта өсірушілер бригадас ...

                                               

Ли Филипп Иванович

Ли Филипп Иванович – Социалистік Еңбек Ері. 1931–35 жылдары кәсіподақ, шаруашылық, кеңес органдарында жұмыс істеді. 1949–59 жылдары Талдықорған, Шымкент облыстарында ұжымшар төрағасы, 1959–66 жылдары Ленгер ауданындағы "Келес", "Первомайский" кең ...

                                               

Ли Чжэнь

Ли Чжэнь – Мин дәуіріндегі қытай жазушысы және ақын. XIV-XV ғасырларда өмір сүрген. "Шам түбінде жаңа әңгімелерді жалғастыру" атты новеллалар жинағының авторы. Осы еңбектің сюжетін Цюй Ю кітабында қолданған.

                                               

Ли Чунь

Ли Чунь – Қытайдың әншісі. Jun деген лақап атпен танымал. 1988 жылы ҚХР, Хунань жерінде дүниеге келген. 2006 жылы "Super Girl" ұлттық жобасына қатысады. Жеңімпаз болмағанымен, үздік елуліктің қатарына кіреді. Кейін жапон продюссері Цункумен байла ...

                                               

Либералды демократия

Либералды демократия теориясы - классикалық либерализмнің идеялары, принциптері, саяси-идеологиялық бағыттары мен мақсаттарының теориялық негізі. Либералды демократия теориясы индивидті қоғам мен мемлекеттен бөлек қарастырды, мемлекет пен азаматт ...

                                               

Либретто

Либретто, музыкалық-драмалық шығармалардың сөз мәтіні немесе қысқаша мазмұны. Балеттің, пантомиманың да әдеби сценарийі Либретто деп аталады. Либретто атауы көрермендерге арнайы таратылатын опера мәтіні жазылған кішкене кітапшаларға орай шыққан. ...

                                               

Ливенцов Василий Андреевич

Ливенцов Василий Андреевич – Социалистік Еңбек Ері. Қазақтың ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 1935–49 жылдары Алматы, Талдықорған облыстарында ауыл шаруашылығы саласында әр түрлі қызмет атқарды. 1949–54 жылдары Қазақстан КП Талдықорған және ...

                                               

Лига (музыка)

Лига - нота жазуында доға тәрізді сызықшамен қолданылатын шартты белгі. Лига қамтыған ноталар бір-бірімен байланыстырыла орындалады. Егер Лига бір атаулы ноталарды жалғастыратын болса, онда бұл ноталар жекелей дыбысталмай, олардың дыбыстық ұзақты ...

                                               

Лигнин

Лигнин - түтікті өсімдіктердің жасушасында кездесетін күрделі полимерлі қосылыс. Ол, негізінен, жасушаның сыртқы қабықшасын инкрустациялайтын зат болып табылады. Клетка қабықшасында Лигнин жиналуы оның ағаштануына алып келіп, беріктігін жоғарылат ...

                                               

Лигнит

Лигнит - көмірлену дәрежесі төмен қазба ағаш қалдықтары. Негізінен қылқан жапырақтылардан түзіледі. Қоңыр көмір қабаттары арасында және жеке қабаттар түрінде де орналасады. Құрамында жартылай ыдыраған ағаш қалдықтары көп Лигнит кайнозой түзілімде ...

                                               

Лигнитті көмір

Лигнитті көмір – көмірлену дәрежесі төмен қоңыр көмірлер арасында бөлінетін петрографиялық тип. Негізінен лигниттен тұрады.

                                               

Лигниттер

Лигниттер. 2. Ыдырап үлгермеген ағаш қалдықтарын көптеп кіріктіретін қоңыр көмірлер көбінесе кайнозой эрасында калыптасқандары. 1. Қоңыр көмір құрамында және оны кіріктіретін тау жыныстары арасынан ұшырасатын көмірленіп үлгермеген ағаш қалдықтары ...

                                               

Лид (журналистика)

Лид – қарапайым, түсінікті жазылған ең бірінші, ең алғашқы екі сөйлем. Яғни мақаланың басы Лид деп аталады. Лидтің мақсаты – оқырман назарын баурап алып, мақаланы оқуға деген ынтаны ояту. Лидте оқырманға мақалада не күтіп тұрғаны туралы хабар бер ...

                                               

Лидер

Лидер - қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам Лидер ретінде танылады. Ли ...

                                               

Лизинг

Лизинг - бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануғ ...

                                               

Ликвация

Ликвация - магманың температура төмендегенде араласпайтын екі балқымаға бөлінуі. Ликвация магманың кристалдануға дейінгі жіктелуінің негізгі жолы.

                                               

Лимб

Лимб - сызықшалармен тең бөліктерге бөлінген цилиндрлік немесе конустық сақина немесе диск. Лимб бұрышөлшеуіш құралдардың негізгі бөлігі. Металл кескіш білдектердің үстелдері және құралкүймешектің бұрамалары жабдықталады.

                                               

Лимит

Лимит, шектелім – сатып алуға, сатуға, несиеге, тауарлардың әкелінуі мен әкетілуіне, пайдалы қазындыларды қазып алуға, табиғи ресурстарды пайдалануға, еңбекақы деңгейіне, валюталық операцияларға, т.б. белгіленетін мөлшер. Сатып алуға, сатуға, кре ...