ⓘ Free online encyclopedia. Did you know? page 201




                                               

Қайролла Баянбайұлы

Қайролла Баянбайұлы - жазушы. Шыңжаң университетінің әдебиет факультетін бітірген. Алғашқы жазған мақала, очерк, қысқа әңгімелері 1954 жылдан мерзімді баспасөзде жариялана бастайды.

                                               

Қайсарлық

Қайсарлық – адамның асыл қасиеттерінің бірі, кісілік сипаты. Алған бетінен қайтпайтын, өмір жолында кездескен қиыншылықтарға мойымайтын өршіл мінезді танытады. Қайсарлық көбіне кісінің ерік-жігеріне, болмыс-бітіміне, қажыр-қайратына, төзімділігін ...

                                               

Қайта жерсіндіру

ҚАЙТА ЖЕРСІНДІРУ, реакклиматизация: 1) бұрын бір жерде тіршілік еткен, кейін жойылып кеткен организмдерді сол жерге жасанды түрде қайта өсіру ; 2) бұрын табиғи ортасы болған, кейін бірақ сол жердің жаңа тіршілік ортасы болуына орай, организмдерді ...

                                               

Қайта кристалдану

Қайта кристалдану - алдында деформацияланған жеке кристалдар мен агрегаттар бойынша деформациясыз, кернеусіз торлы жаңа тұрақты кристалдардың қайта кристалдану процесі. Мұнда қайта кристалдану қатты күйде жүреді

                                               

Қайта мөлшерлеу

Қайта мөлшерлеу - теңдеуді шешу кезінде пайда болатын шексіз үлкен шаманы шеттету және параметрлерді эксперименттік мәндермен келістіру мақсатында өрістің кванттық теориясының тендеуіне кіретін параметрлерді өзгерту істері.

                                               

Қайта сақтандыру

Қайта сақтандыру – экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл қатынастарға орай сақтандырушы тәуекелді істі сақтандыруға қабылдап алады да, сақтандыру қорын жасау және сақтандыру операцияларының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін нақты сақтандыруға байлан ...

                                               

Қайта сақтандырушы

Қайта сақтандырушы – тәуекелді қайта сақтандыруға қабылдаған сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы. Егер тәуекел қайта сақтандырушыдан қабылданған болса, ол қайта сақтандыру шартында ретроцессионер деп аталады. Тек қана қайта сақтандырумен айн ...

                                               

Қайта сортаңдану

ҚАЙТА СОРТАҢДАНУ, суландыруды дұрыс жүргізбеудің салдарынан болатын қолайсыз құбылыс. Жер асты ағыстары жоқ немесе топырағы нашар алқаптарда, ауадан ылғал аз түсетін шөлді, шөлейтті аймақтарда жиірек кездеседі. Сулану аз, булану көп бұл өңірлерде ...

                                               

Қайта тәрбиелеу алгоритмі

Қайта тәрбиелеу алгоритмі - мінез-құлықтың дұрыс қалыптаспаған жақтарын қайта қалыптастыруға бағытталған тәрбиешінің бірізді әрекеті және төмендегілеруі көздеуі: оның тәрбиесіндегі мәселелерді, мінез құлықтың қалыптасқан стереотиптерін қайта құру ...

                                               

Қайта қарулану

Қайта қарулану - әскерлерді жаңа, жетілген әскери техникамен жабдықтау. Қайта қарулану процесі ғылым мен техниканың даму деңгейімен, мемлекеттің өндіріс ахуалымен және экономикалық мүмкіндіктерімен, сонымен қатар қарулы күрес жүргізу тәсілдерінің ...

                                               

Қайта құру саясаты

ҚАЙТА ҚҰРУ САЯСАТЫ – 20 ғ-дың 80-жылдарының орта тұсында пайда болған саяси-экономикалық атау. КСРО-дағы әміршілдік жүйені реформалау мақсатында жүргізілді. 1970 – 80 ж. Кеңестік саяси-экономикалық жүйе тоқырауға ұшырады. Сондықтан Кеңес Одағында ...

                                               

Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі

Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі - Еуропа тарихы тұрғысынан алғанда, Қайта өркендеу дәуірі 14 - 16ғғ. арасын қамтиды. Бұл - қоғам дамуында орта ғасырдың аяқталып, жаңа тарихтың, буржуазиялық қоғамның басталған кезі. 14 ғ. бастап алдымен Итал ...

                                               

Қайтадан кристалдану

Қайтадан кристалдану - нақтылы минерал кристалдарының кристалдану жағдайларындағы өзгерістер әсерінен, олардың құрамы мен құрылысын өзгертпей-ақ қайтадан түзілуі. Бұл процесс заттың газ, сұйық және қатты түрлерінің бәрінде болуы мүмкін. Қайтадан ...

                                               

Қайтадан туындаған су

Минералдардың ылғалсыздану процесі салдарынан туындай отырып, сол минералдардың кристалдану немесе қабатаралық сулары есебінен қалыптасатын дербес су, немесе байламды су.

                                               

Қайталама сараптама

Қайталама сараптама Қылмыстық ісжүргізуде - сарапшының қорытындысының негізділігіне немесе оның дұрыстығына күдік туындаған жағданда, оны өткізуді басқа сарапшыға немесе сарапшылар тобына тапсырып, тағайындайтын сараптама.

                                               

Қайталама сүзек

ҚАЙТАЛАМА СҮЗЕК – жедел басталатын жұқпалы ауру. Ауру қоздырғышы – ирек пішінді спирохета бактериялары. Алғаш рет Қайталама сүзек қоздырғышын 1868 ж. неміс ғалымы О.Обермейер науқас адамның қанынан тапқан. Аурудың бит арқылы жұғатынын орыс ғалымд ...

                                               

Қайталама сәулелену

Қайталама сәулелену - дипольдық электр моменттері, оларға түсетін электромагниттік сәулеленудің әсерінен мәжбұр тербеліс жасайтын атомдардың немесе молекулалардың бөліп шығаратын электромагниттік сәулеленуі.

                                               

Қайталама қазу

ҚАЙТАЛАМА ҚАЗУ, қайталап кен қазу – кен орындарын игеру кезінде жер қойнауында кентіректер түрінде қалдырылған баланстық қорларды қазып алу. Жер қойнауының байлығын кешенді игеру, қалдықсыз әрі ысырапсыз пайдалану мәселелері және экономиканың мет ...

                                               

Қайталамалы сульфидпен баю белдемі

Қайталамалы сульфидпен баю белдемі - сульфидті кендердін тотығу белдемінен төменірек орналасқан, яғни грунт сулары деңгейі мен тұрып қалған су қабатының беткі жазықтығы аралығын қамтитын белдем. Грунт сулары бұл өңірде бейтарап күйге, тіпті сілті ...

                                               

Қайту

Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во "Наука", 1966, стр. 204. Академия наук Казахской ССР. Институт языкозна ...

                                               

Қайтымды процесс

Қайтымды процесс, термодинамикада – термодинамикалық жүйенің тура процесінің барлық аралық күйлерін кері бағытта ретімен қайталай отырып, бастапқы қалпына қайта оралуы мүмкін болатын бір күйден екінші күйге ауысуы. Табиғатта өтіп жататын процесте ...

                                               

Қайтымды реакция

ҚАЙТЫМДЫ РЕАКЦИЯ – әрекеттесуші жүйеде қарама-қарсы екі бағытта өтетін, жылдамдықтары тең, химиялық тепе-теңдік күйдегі реакция. Реакцияның қайтымдылығын көрсету үшін теңдік белгісінің орнына қарама-қарсы бағытталған екі тілше қойылады. Солдан оң ...

                                               

Қайтқан су

Қайтқан су - суармалы аумақтардан жер асты немесе жер үсті ағынымен келіп жиналатын жер асты және жер үсті суы, немесе өнеркәсіп орындарының, тұрмыстық сумен жабдықтау қондырғыларының, коммуналдық кәсіпорындарының және т.б. пайдаланғаннан кейін а ...

                                               

Қайум

ҚАЙУМ – шиит қағидасы. Қайум Мұхаммед бин әл-Ханафия есімімен байланысты 8 ғ-да пайда болған атау. Ислам ілімі оны былай түсіндіреді: ғайып болған Қайум Алла тағаланың бұйрығымен жерге қайта оралады, әуелі Меккеге келіп, одан Куфаға орнығып, бүкі ...

                                               

Қайшылық

ҚАЙШЫЛЫҚ – 1) диалектиканың басты категориясы ретінде – өзара бірлік және өзара сіңісу ахуалында тұрған нысан немесе жүйенің бірін-бірі жоққа шығаратын, бір-біріне қарама-қарсы келетін жақтарының өзара әрекеттесуі. Қайшылық жалпыға бірдей сипатта ...

                                               

Қайшылықсыздық

ҚАЙШЫЛЫҚСЫЗДЫҚ – дайын, құрылып біткен логикалық немесе математикалық теорияға қойылатын талаптардың бірі. Аксиомалар жүйесінен аксиома мен оның теріске шығарылған түрі бір мезгілде шығарылмайтын болса, онда бұл жүйе қайшылықсыз делінеді. Егер те ...

                                               

Қайшылықты құқық

ҚАЙШЫЛЫҚТЫ ҚҰҚЫҚ – әр түрлі мемлекеттер заңдарының арасындағы қайшылықтардың шешімін табатын нормалардың жиынтығы. Әрбір мемлекеттің қайшылықты нормаларының жиынтығы оның Қайшылықты құқығы болып табылады. Осы мағынада ол ұлттық сипат алады. Қайшы ...

                                               

Қайым айтыс

Қайым айтыс - қайым өлең, қайымдасу – айтыстың бір шумақ өлеңмен қайырып отыратын шағын түрі. Қайыра айту”," қайта жауаптасу” деген ұғымнан шыққан. Қайым айтыс көбіне қыз бен жігіттің қарама-қарсы мәндегі сұрақ-жауаптарына құрылады. Бұл шумақтард ...

                                               

Қайындышоқ

ҚАЙЫҢДЫШОҚ – Бұқтырма бөгенінің батысындағы шоқ қайыңды қоныс. Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында, Қайыңды, Суықшоқы, Кальчуга таулары аралығында жатыр. Аумағы 80 км²-ге жуық, ұзындығы 22 км, енді жері 2.2 км. Түгелімен дерлік қайыңдардан ...

                                               

Қайыпқали Есімұлы

Есімов Қайыпқали - Бөкей ордасының сұлтаны, Кіші жүз ханы. Есімнің Қарақошақ ханымнан туған үшінші ұлы. Әкесі қайтыс болғаннан кейін 9 жасында шешесімен, бауырларымен бірге туысқан ағасы Бөкей сұлтанның қамқорлығында болады. Кейін Бөкей ордасының ...

                                               

Қайыршақ

Қайыршақ – әртүрлі тау жыныстарының физикалық үгілуі нәтижесінде қалыптасатын түйіршіктер мен кесекшелер. Бұл үшкір де қырлы жұмырланбаған түзілімдер мөлшері әдетте 1– 10 мм аралығында болып келеді.

                                               

Қайырымдылық ұйымдары

Қайырымдылық ұйымдары - Қазақстанда жалпы қоғамның немесе жеке адамның мүдделері үшін қайырымдылық қызметін жүзеге асыру мақсатымен құрылған бейүкіметтік, бейкоммерциялық бірлестіктер. Қоғамдық ұйым, қор, мекеме түрінде және басқа нысанда құрылад ...

                                               

Қайырымдылық, филантропия

Қайырымдылық, филантропия - - мұқтажы бар адамдарға жәрдем көрсетуге бағытталған мемлекеттік емес іс-әрекет.

                                               

Қайықша томағашөп

Қайықша томағашөп – ерінгүлділер тұқымдасы, томағашөп туысына жататын көп жылдық шала бұта. Балқаш – Алакөл ойысының құмды жерлері мен құмды беткейлерінде өседі. Биіктігі 40 см-дей. Ұзын тамыры ағаштанып кеткен, қатты болады. Сабағының қабығы қоң ...

                                               

Қайың шырыны

Қайың шырыны - көктем кезінде қайыңның сабағын бойлап ағатын тәтті шырын. Мұның құрамында 2 проценттей қант бар. Бір қайыңнан 60 литрге дейін шырын алып, оны сусынға жаратуға немесе 65 процент қанты бар сироп жасауға болады. Қайың шырыны - ежелгі ...

                                               

Қайыңды көшесі (Астана)

Қайыңды көшесі Ардагер көшесінен басталады. Ұзындығы - 634.5 м. Бұрынғы атауы Спортивный көшесі. "Көктал" тұрғын алабы. Қайыңды - қайың мол өскен жер. Осы аттас елімізде бірнеше жер-су атаұлары бар.

                                               

Қайыңды орман

ҚАЙЫҢДЫ ОРМАН, қайың өскен алқап. Сол түстік жарты шарда тундрадан субтропикке дейін таралған. Еуропа, Азия, Сол түстік Американың қоңыржай белдемі мен салқын белдеулерін қамтиды. Ормандар ішіндегі майда жапырақтылар қатарына жатады. Сол түстік Қ ...

                                               

Қала социологиясы

Қала социологиясы - қаланың шығу тегін, қалыптасуын, дамуы мен қоғамдық мәнін және жалпы заңдылықтарын зерттейтін социология ғылымының саласы. Қала социологиясы жүргізетін зерттеулердің негізгі бағыттары мыналар: қаланың қоғамдағы және қоныстану ...

                                               

Қала әкімі

Қала әкімі - - өзі басқаратын қаланың барлық тұрғындары немесе сайлау органдары сайлайтын, калалық муниципалитет немесе үлкен қала ауданының басшысы; қаладағы атқарушы билік басшысы.

                                               

Қала әлеуметтануы

Қала әлеуметтануы - қаланың шығу тегін, қалыптасуын, дамуы мен қоғамдық мәнін және жалпы заңдылықтарын зерттейтін әлеуметтану ғылымының саласы. Қала әлеуметтануы жүргізетін зерттеулердің негізгі бағыттары мыналар: қаланың қоғамдағы және қоныстану ...

                                               

Қаламақ

Қаламақ. Балалар ойынының басталуында да өлеңнiң атқарар рөлi өте зор. Көпшiлiк ойындардың ойнау шарты бойынша балаларға екi топқа бөлiнуге тура келедi. Мұндай жағдайда балалар әр түрлi тәсiлдер қолданады. Мәселен, қатарға тұрғызып санап, жұп сан ...

                                               

Қалампыр майы

Қалампыр майы - қалампыр ағашынан алынатын эфир майы. Қалампыр майының иісі қалампырдың иісіне ұқсайды, кермек, дәмді, сары түсті тұнық зат. Қалампыр майы парфюмерия өнеркәсібінде және тіс емдеу үшін қолданылады.

                                               

Қалампырлықтар

Қалампырлықтар - қосжарнақты, даракүлтелі өсімдіктердің бір тұқымдасы. Қалампырлықтар көбінесе шөп, кейде бұта болып өседі. Қалампырлықтардың түрі 2 000-нан асады. Соның ішінен бұрынғы КСРО-да 1 620 түрі өседі. Қалампырлықтардың сабағының ұзындығ ...

                                               

Қалас

Қалас, "ықылас қалас". "Барға ырза болыңыз, ықылас қалас деген". Тұрақты тіркес құрып тұрған екі сөз де араб тілінен келген. Алғашқы "ықыластың" мағынасы - ниет, пиғыл екендігі бәрімізге аян. Ал екіншісі де түсіндірме сөздік бойынша, онан қалды к ...

                                               

Қалашық спорты

ҚАЛАШЫҚ СПОРТЫ – ежелден келе жатқан орыстың ұлттық ойыны. Ол, әсіресе, Ресейдің ішкі аймақтарында, Сібірде, Украинада жақсы дамыған. Жеріне қарай аты да өзгеше, ережесі де әр түрлі болған. Тек 1923 жылдан бастап нақты ереже белгіленіп, ресми жар ...

                                               

Қалба көшесі (Астана)

Қалба көшесі Манас даңғылынан басталып, Балқантау көшесінде аяқталады. Балбырауын, Баянтау, Арғанаты көшелерімен қиылысады. Ұзындығы - 370.6 м. Бұрынғы атауы №58 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы. Қалба жотасы - Алтайдың оңтүстік-батысында. Негіз ...

                                               

Қалбағайлы

Қалбағайлы. Тарихын, төркінін іздестіріп отырған басқа сөздерден "қалбағайлы" сөзінің бір ерекшелігі қазақ тілінде тіпті қолданылмайды десе де болады. Оны біз тек Абай өлеңдерінде, онда да бір рет қана ұшыратамыз: "Кең сауырлы, тар мықын, қалбаға ...

                                               

Қалдыбаев Ахметсафа

Қалдыбаев Ахметсафа, ауылы Қалдыбайұлы - діндар, имам. Әкесі Қалдыбай Бұхара, Хиуа, Самарқант медреселерінде білім алған. 1905 ж. баласы Ахметсафаны Ташкенттегі Әбілқасымхан деген молданың медресесіне оқуға береді. Қалдыбаев Бұл медреседе 7 жыл о ...

                                               

Қалдыбек

Қалдыбек – қалың мұсылман жамағаты мен түркі қауымы арасында тек қазаққа ғана тән есім болып келеді. Әдетте бір жерінде қалы бар нәрестелерге қояды. Сондағы ырым "қал" сөзі көп айтылса, қалы кетіп қалады немесе кішірейіп кетеді деген түсінікпен а ...

                                               

Қалдық кәделі қорлар

Қалдық кәделі қорлар - нақтылы мерзім тұрғысынан анықталған бастапқы кәделі қорлар мен игеріліп алынған өнім арасындағы айырма. Синонимі - "өтпелі кәделі қорлар".